"Самұрық-Қазына" басшысы Сәтқалиев Тоқаевтың сынынан кейін жазба жариялады

Сайт әкімшілігі

24.01.2022, 09:45

1063

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін жазба жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін ел басшылығының саяси тілегі арқасында „Самұрық-Қазына“ қорында қоғамда белсенді талқыланып жатқан реформаларды жүзеге асырудың бірегей мүмкіндігі пайда болды. Біз реформалау бағдарламасы жобасына сындарлы ұсыныстарын бөлісуге дайын барлық адаммен диалог жүргіземіз», — деп жазды Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, жақын арада бұл жоспарлар ашық дереккөздерде және корпоративтік сайтта жарияланады. Сондай-ақ, ол компания барлық сұраққа жауап беруге дайын екенін жазды.

«Ашықтық пен есептілік, бизнес үшін кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес базалық қағидаттар ретінде айқындалды. Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлттық байлықты әділ бөлу элементі ретінде қор активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігі болуы мүмкін», — деді ол.

Сәтқалиев ел экономикасындағы түйінді проблемаларды шешу мақсатында бизнес-процестерді және қор компаниялары тобындағы корпоративтік басқару практикасын реформалауға, мұнай, газ, көмір, теміржол көлігі, электр энергетикасы және телекоммуникация нарықтарындағы өзара қарым-қатынастар құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар теңдессіз шараны ұсынатынын мәлімдеді.

Біз сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарап, отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін күшейтуге ниеттіміз. Бұл мәселелер бизнес-қоғамдастықпен 26 қаңтар, сәрсенбіде әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция арқылы ашық диалог форматында талқыланады. Бағдарлама бекітілген жағдайда, мен оның табысты енгізілуін және орындалуын қамтамасыз етуге дайынмын. Сізден корпоративтік мекенжайымызға ұсыныстарды күтеміз — usynys@sk.kz", — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпкерлермен кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорды реформалау міндетін орындай алмаса, орнынан кететінін айтқан болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:05
«Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:00
Не істеу керек?
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 17:36
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 16:30
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 15:27
Тоқаев Қырғызстанға барады
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 18:47
«АМANAT» партиясы референдумды қолдау мақсатында Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56