Сапарбаевтың ауыс-түйіс жасаудан қолы босар емес

Нұрболат ӘЛДИБЕК

30.04.2021, 17:04

9267

     Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев соңғы күндері апыл-ғұпыл шешім шығарып, апыр-топыр ауыс-түйіс жасаудан қолы босар емес. Мәселен, сәуірдің 13-інде 90-жылы туған қос жігітке тізгін беріп, Дәулет Кәрібекті әлеуметтік сала бойынша өзіне орынбасар етіп тағайындаса, Архат Байқазақовты облыстық цифрландыру басқармасына басшылыққа әкелді. Араға апта салып туризмге Жалғас Мұртазаны тағайындаса, құрылысқа Ерлан Орымбаевты қойды. Ауыс-түйістің азартына беріліп кетті ме, әйтеуір,  күні кеше бір күнде тағы төрт бірдей тағайындауға қол қойды.

      Алдымен аппарат басшысы Қанатбек Мәдібекті Талас ауданына жіберсе, аталған ауданды басқарып келген Бақыт Қазанбасов Байзақ ауданына ауысты. Байзақтағы Нұржан Нұржігітов облыс әкімінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша орынбасары болды. Ал аппаратқа президенттік жастар кадр резервінің құрамынан Расул Медетов келді.

      Соңғы ауыс-түйісте атынан ауып қалған Берік Нығмашев болды. Жамбылға Мырзахметов әкім болып тұрғанда, ауыл шаруашылығы басқармасына басшы етіп әкелген оны Сапарбаев келе сала, асыраушы сала бойынша өзіне орынбасар етіп қойған болатын. Бірақ Нығмашев «көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап» алды ма, әлде басқа себебі болды ма, кім білсін, әйтеуір, сыннан көз ашпады. Біз газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде «Өз еркіңмен қызметтен кет деп жатыр» атты мақала жариялап, Шу ауданынан Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инженері Мақсат Қанымбетовтің жанайқайын жеткізген едік. Мақала соңында «ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтан өңірде азық-түлік бағасының қымбаттап кеткеніне байланысты атыраулық әріптесімен бірге қатаң сөгіс алып, шақшадай басы шарадай болып жүрген Нығмашев бұл дауды шеше алар ма екен?» деп түйіндеппіз. Айтып ауыз жиғанша, Нығмашевтың өзі орнын босатып беруге мәжбүр болды.

      Айтпақшы, Нығмашевқа қатаң сөгіс арқалатқан Әлихан Смайыловтың соңғы күндері әулиеаталықтар құлағын жиі шулатып жатыр. Смайыловты жуырда Байзақ ауданына әкім болған, бұған дейін Жамбыл, Талас аудандарын басқарған Бақыт Қазанбасовтың жақын туыс інісі, яғни «крышасы» деп біледі. Яғни елдер ағаларын жағалап жүрсе, Бәкең інісінің арқасында тынысы кеңіп жүр-мыс. Өткен жылы Қордайдағы қақтығыстан соң, Бақыт Алпысбайұлы «өңірдегі ең іргелі ауданға жібермек болды, өзім бас тарттым» дегенін өз құлағымызбен естіп, не сенерімізді, не сенбесімізді білмей дал болған едік. Елдің айтуынша, Тараздың батыс жағындағы ауданында әкім болған, шығыс жағындағы ауданды басқаруға келген Қазанбасовтың ендігі көздегені облыс орталығының өзі болса керек. Әрине, ол үшін оған дейін інісінің де даусы жуандап, «аузы дуалы» бола түсуі керек. Оны енді уақытында көре жатармыз.   

   

       

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03:21
Смайылов екі облыс басшысын сынға алды
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 26.05.2023, 09:13
Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 15:00
Министр оқу жылы неге ұзарғанын түсіндірді
Жақсылық ҚАЗЫМҰРАТҰЛЫ 25.05.2023, 09:15
Оралов жауап бермейді, «тапсырма» береді
Қанат ТІЛЕУХАН 23.05.2023, 09:40
Қуанышалинмен қоштасу
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 23.05.2023, 09:08
Аюпов тұтылды, ал Әбдірахымов... Құттықтайды!

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31