Сауранда бірнеше жүк көліктері соқтығысты

Сайт әкімшілігі

02.12.2021, 10:05

920

Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бірнеше жүк көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы бейнежазбаны зерделеді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру барысында полицейлер оқиғаның Сауран ауданы тас жолы бойында орын алғанын айқындады. Нақтырақ айтсақ, Сауран аудандық полиция бөліміне Шымкент-Самара тас жолының 195-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына тез арада полицейлер шыққан.                

Анықталғандай, 28.11.2021 жылы сағат түскі 13:00 кезінде жылжымалы жол-көлік бақылау инспекциясы қызметкерлері «DAF FAR Xf105» маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Жүргізуші ортаңғы орта жолдан оңға бұрылып тоқтайды. Оның соңынан келе жатқан 3 жүк көлігі де тоқтап үлгереді.  Алайда төртінші болып артында келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асыруы салдарынан тоқтай алмай қалады. Нәтижесінде жүк көліктері бір-бірімен соқтығысқан. Материалдық шығын келтірілген.

Аталған жайтқа қатысты жол апатын жасаған «DAF XF95 480» жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша хаттама толтырылды. Іс құжаттар Түркістан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолдануда. Сондай-ақ Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтің атынан, жүк көлігін тоқтатқан қызметкерлердің іс-әрекетіне қызметтік тексеру жүргізу үшін Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына ұйғарым жіберілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері, жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға кеңес береді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48