Съезден съезге дейін

Жарлы БАЙҒАНИН

28.01.2022, 09:30

1800

… КазГУ, журфак. Тарих пәнінен емтихан жүріп жатыр. Қайрат кезегі келіп ішке кірді. Суырған билетінен білетін сұрақ кездестіре алмағанын сорына балаған жоқ. Өйткені, қай билет келсе де ұлы жобасы осылай боларын өзі де іштей сезетін. Күле қарамаса да, үш сұрақтың ішіндегі реңі түзуі КПССтің ХХVII съезі болып көрінді… Күнде радио, телебезер қақсап, газит біткеннің 1-бетін бермей жатқан ұлы дүрмек болғасын, әйтеуір, бірдеңесін қылармын деп ойын түйіндеп болғанша, профессор: — Дайынсың ба?, десін. Үнсіз басын изеген күйі имене басып қарсы жайғасқан ол: — Мен үшінші сұрақтан бастасам бола ма?, — деді құмыға.  Көзәйнегінің үстінен үңіле қараған оқытушы оқыс бірдеңе естігендей оқырая бір қарады да: - Қалай айтсаң, олай айт. Білгеніңді істе! Маған үш сұраққа жауап берсең болғаны, — дей салды. - Отанымыздың жүрегі — Москва қаласының қақ төрінде орналасқан, аппақ жұмыртқадай Съездер сарайының ішінде, еліміздің жетекші партиясы — Советтер Одағының  Коммунистік партиясы өзінің кезекті ХХVII съезін бастап кетті, — деп бір қойды да, ұстазына ұрлана қараса, анау түсі нұрлана балқып бара жатқандай көрінгесін, мүдірместен көсіле жөнелді… Мәскеу мен Съездер сарайын майын тамызып айналдыра мақтап жатыр, мақтап жатыр... Біраздан соң марапатқа масайып қалғандай болған ұстазы бір көзін сығырайта ашып, кеудесіне айқастырып алған қолының сұқ саусағын изеп, ишарат білдіргендей болған. Ымды түсінбей қалғандай болған ол:- Ау, ағай, — десін, даусы естілер, естілмес күйде. Екі көзі ағайының сұқ саусағында. Ол да сыбырлағандай күйде: — Айнала бермей, кірсейші ішке, — дей салды. Қаттырақ сөйлесе жаңағы әдемі образдардан айырылып қалардай. Басында сасып қалғандай болғанымен басқа амалы қалмаған ол: — Ағай, — деді. - Ағай... Анау да бірдеңені үркітіп алардай үздіге сыбырласын: — Әу?.. - Мандат жоқ қой, мандат. - Не, мандат? - Мандатсыз ішке кіргізбейді ғой... - Қайдағы ішке? - Съездер сарайына ше... Өзін мазақ қылып отырғандай көрінген студентінің артынан айқайлап қуып шыққан ұстазы, ертесіне: — Журналистік тапқырлық деген осы болады, — деп Қайрекеңе 5 қойып беріпті деп еститінбіз. 

Пы.Сы. Мұны не үшін айтып отыр дейсіздер ме? Ертеңгі съездің жайы ғой, алаңдатып отырған. Жер жүзін күркіреткен Кеңес юнионның да керегесі сөгілген. Сол соңғы съезі болған шығар. Оның қасында біздің ертеңгі съез не тәйірі?.. Бірақ Қасағаңның ойын өрнегінен мен бірдеңе ұққан болсам, НұрАтан мен Сенатты тарқататын уақыт әлі толық жеткен жоқ. Жо, жоқ, ол мүлдем тарқамайды деген сөз емес, асықпайық. Кеше Сенаттың елбастыға өзі берген артықшылықтарын өздеріне жойдыртты. Алда ең маңыздысы бар! Сенатың да Мәжілісің де шешініп қойды. Енді қандай шалшық болса да тайынбас. Сол секілді НұрАтанның да өз қолымен көсейтін шоғы әлі бар деп ойлаймын. Әсіресе, қоламтаға күйген жәман болады. Алла кешірсін, мен соны тілеймін! 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:05
«Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:00
Не істеу керек?
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 17:36
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 16:30
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 15:27
Тоқаев Қырғызстанға барады
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 18:47
«АМANAT» партиясы референдумды қолдау мақсатында Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56