Шалабековтің ісі шала болды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

15.09.2020, 09:36

696

      Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков 12 қыркүйекте ұсталып, тергеу изоляторына жеткізілді. Алғашқыда әкім орынбасарын 48 сағатқа қамапты. Кейін 13 қыркүйекте Қарағандының мамандандырылған тергеу соты қала әкімінің орынбасарын екі айға қамау туралы санкция шығарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен арнайы прокурорлар Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің үстінен қылмыстық іс қозғаған.       Жақсылық Шалабеков былтырдан бері қала әкімі орынбасары қызметін атқаруда. Бұған дейін ол сегіз жыл бойы Қарағанды қаласының  құрылыс бөлімін басқарып келген. Әкім орынбасарының ұсталуына осы құрылыс бөліміндегі жұмыстары себепкер болыпты. Прокурорлар көпқабатты тұрғын үй салып жатқан жекеменшік фирмаға құрылыс бөлімі ірі көлемдегі қаражатты аванс ретінде бергенін анықтаған. Алайда бұл қаражаттың берілетіні жайында келісімшартта көрсетілмеген. Қарағанды облысы прокуратурасының мәліметінше, Жақсылық Шалабековтің қылмыстық әрекет жасауы салдарынан мемлекетке 107 млн теңге шығын келген.«Аталған тұлғаға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдік тағылуда. Атап айтқанда, 2018 жылы Қарағанды қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ірі панельді тұрғын үйлерді салуға бөлінген бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу жолымен топты адаммен бірігіп жымқыру және қаражатты талан-таражға салу фактісі бойынша күдікке ілінген», – деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.      Прокуратура әзірге Жақсылық Шалабековтің кімдермен бірігіп, бюджетке шығын келтіргенін нақтылаған жоқ. Құзырлы орын «тергеу құпиясы» деген себеппен өзге ақпараттарды таратпады. Бүгінде қылмыстық істің ақ-қарасы анықталып жатыр.

Тегтер: әкімдік шығын жер мемлекет прокуратура қылмыс хабар құзырлы орган

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 18:41
Жерді шетелдіктерге жалға бермейміз - «Ауыл» партиясы
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 16:11
Праймериздің әсері: 40 мыңнан астам азамат Nur Otan-ға кірді
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 10:43
Nur Otan батыс өңірлеріне қатысты қандай уәде береді?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:48
Қазақстандық әуе компаниясы Ливияға қару-жарақ тасымалдады деп айыпталды
Сайт әкімшілігі 22.09.2020, 16:45
Nur Otan праймеризінде дауыс беруге 700 мыңға жуық адам тіркелді
Дос КӨШІМ 22.09.2020, 10:10
Бізге әкімдерді сайлау емес, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі керек

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27