Шекараны дереу жабу керек!

Әділ КЕМЕҢГЕР

22.09.2022, 08:37

917

Ресейдің мемлекеттік думасы елдің қылмыстық кодексіне «мобилизация», «соғыс жағдайы» және «соғыс уақыты» деген түсініктер енгізетін заң жобасын қабылдады!

Бұл – бүгін-ертең барша Ресейде жалпыға ортақ мобилизация жарияланатынын, яғни әскерге жарамды жастағы еркек кіндіктінің соғысқа сүйрелетінін білдіреді.

Ендеше, Путин Украинаға қарсы толыққанды соғыс жариялайды. Бәрібір түбі жеңілетін соғысы болса, ол өліспей беріспеу үшін соңына дейін барады.

Ресейдің соғысқа жарамды халқының бір бөлігі – Қазақстанға тұра қашатыны анық! Бөтен елдің жеріндегі мәнсіз өлімге басын тіге қоятын жынды жоқ, өйткені. Соғыс Ресейдің өз ісі болғанымен, оның кесірі онсыз да Қазақстанға қатты тиіп жатыр.

Қазақстанда қарақұрым ресейліктердің қаптағаны – еліміз үшін үлкен қауіп емес пе?!

Ендеше, біздің жалғыз жолымыз – ресейліктерді елге кіргізбеу!

«Ресейліктер өз проблемасын өздері шешсін, тағы да Қазақстанды пайдаланбай. Путинге қарсы көтеріліске шықсын, революция жасап, өз халқын өлімге айдап салғалы отырған өз билігін өздері төңкерсін! Қазақстан бұл жағдайда қақпасын қымтап, өзінің зиянды көршісінен барынша оқшаулануы керек», – дейді ұлт жанашыры Руслан Түсіпбеков.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 06:56
Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 21:37
ОСК төрағасы бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімін жариялады
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 20:16
ОСК сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялады
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 16:16
Серік Күдебаевтың соты үшінші рет кейінге шегерілді
Арайлыи ЕРКЕБАЕВА 20.03.2023, 12:07
Қарағандыда өткен сайлау шумен аяқталды
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 08:27
Екінші Еxit poll нәтижесі жарияланды

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28