Шығыста праймериз қызықтары бірінен-бірі өтеді

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

19.11.2020, 17:23

1125

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХІҮ конференциясынан кейінгі нәтиже түрлі қызықтарымен ел ішіндегі праймериз туралы талқылауды одан сайын үдетіп жіберді. Әсіресе, онсыз да бірін-бірі іштей ұнатпай жүретін кандидаттардың әрқайсы өз қала, аудандары атынан облыстық және қалалық мәслихатқа ат қосқанын көргенде бұл доданың хикаясы 10-қаңтарға дейін сан мәрте құбылатыны көрініп тұр.

Қаланы басқарсаң, облыстық мәслихатқа депутат боласың...

  Алдымен, облыстық мәслихатқа кандидаттар жайына тоқталсақ. Праймериз қорытындысы бойынша іріктелген жас-кәрісі аралас 53 кандидаттың бәрі де «сен тұр, мен айтайын» дегендер емес. Бірақ, халыққа жақсы қырынан көрініп бет-беделі айқындалғаны да, іштей өз қамын ойлап жай жүргені де жетіп артылады. Соның ішінде есім-сойы ел білетіндерді праймериз «дәстүріне» сай іріктеп көрейік. Өскемен қаласы бойынша, облыстық мәслихатқа кандидат болып тіркелгендер ішінен облыстың бас офтальмолог дәрігері Зарина Қамасова 96 пайыздық көрсеткішпен көш бастап тұр. Одан кейін №4 аурухананың бас дәрігері 68 пайызбен Сергей Поповтың аты озған екен. Одан кейін облыстық конференция қорытындысы бойынша, 65 пайыз дауыспен 10 орыннан көрінген «Жас отанның» шекпенін шешіп, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі әрі «Шығыс-адалдық алаңы» жобасының жетекшісі болып жүрген Маржан Бахытқызы үздік үштікке ілініпті. Ең қызығы тізімде төртінші тұрған «Востоквзрывпром» ЖШС директоры Дмитрий Сомовтың есімі болып тұр. Сомов жазда қоғамдық резонанс туғызған тендерге байланысты кәсіпкерлер дауында «Мемлекеттік сатып алуыдың 70 пайызын «Востоквзрывпром» ЖШС иеленіп кетеді» деп айыптаған «ДСУ-14» ЖШС-нің директоры Александр Федосовты сотқа сүйреп көзге түскен. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің алдына дейін барған бір топ кәсіпкерлердің тендердің әділетсіз өтетіндігі жайындағы шағымы ақыр аяғы сұйылып, жұмбақ күйде жабылып тынды. Осы жолы алдыңғы бестіктен көрінген оның облыстық мәслихаттың депутаты атанатынына шүбә жоқ деуге болады.

 «Жас Алаш»  сайтында "Аспаннан түскен" Сарпеков «Nur Otan»-ды басқаруға келді  деген мақаламызды жариялаған болатынбыз. Онда партияның қалалық конференциясының қорытындысында бірінші орынға шыққан 31 жастағы Азат Толқынұлының «Nur-Otan»-ның  Семей филиалы басшысының бірінші орынбасары болып сайланғанын баяндадық. Семейден облыстық мәслихатқа кандидаттардың үздік бестігін бұдан кейінгі орындарын қос кәсіпкер  — Айдос Серікқалиұлы, Марат Құрманбай иеленген. «АҚШЫҢ» корпорациясының басшысы Марат Серікжанұлын ел-жұрт бұған дейін де бірнеше рет сайланған облыстық мәслихат депутаты ғана емес, меценаттығымен көзге түсіп жүрген азамат ретінде жақсы біледі.

  Праймериздің қызықтары көп екенін жоғарыда айттық. Соның ішінде Курчатов қаласы бойынша 1 ғана квота берілген Алексей Глазинскидің қала әкімі бола тұра облыстық мәслихатқа ұмтылғаны да назар аудартады. Облыстық конференция қорытындысы бойынша 3 орын алған Глазинский осы жазда ғана облыс әкімі Даниал Ахметовтен сын естіген болатын. Яғни, өңір басшысы Семей, Курчатов қалаларының, Бесқарағай ауданының әкімдерінің жұмысына көңілі толмайтындығын айтқанын ешкім ұмыта қойған жоқ. Есесіне, «Nur Otan» партиясының Курчатов қалалық филалының басшысы болып та саналатын Глазинский облыстық мәслихатқа өтсе, қала әкімі қызметін Ахметовтің қолына «ұстата салуы» да ғажап емес.

Тойда жүрген «Әлем барысы» облысқа кандидат...

  Абай ауданы бойынша жалғыз квотаны иеленген Семей көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаровты көпшілікке тәптіштей түсіндірудің қажеті жоқ. Екі мәрте «Әлем барысы», төрт  мәрте «Қазақстан барысы» атанған әйгілі палуанның жақында карантиндік шараларға қарамастан, Семейдегі үйлену тойына қатысқан видеосы «Ватсап» желісі арқылы ел ішіне тез тарап, қоғамдық резонанс туғызды. Тек Айбек Нұғымаров қана емес, елге белгілі ығайлары мен сығайлары жиналған сол тойды өткізуге кімдер себепкер болғаны, кімнің асаба болғаны өз алдына бөлек әңгіме. Осыған орай түсініктеме берген ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова қарамағындағы колледж директорының бұл қылығы ескерусіз қалмайтындығын мәлімдеген болатын.

— Мұндай күрделі кезеңде барлық жұмысшылар мен студенттерге үлгі болып табылатын директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзып отыр. Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында. Жұмысқа шыққанан кейін, оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады,-деді С. Жұмаділова.

   Қызығы сол, тәртіптік жауапкершілікке тартылатын А. Нұғымаров облыстық мәслихатқа кандидаттар тізіміне еніп кетті.

   Праймериз нәтижесі, партия конференциясы бойынша есімі нақтыланғандар туралы әлі де жалғастыра беруге болады. Қаладағы алпауыт кәсіпкерлердің бірі, «СемАз» ЖШС басшысы Әсемқан Досқожанов облыстық партия квотасы бойынша 11 кандидаттың қатарынан көрінсе, оның інісі Әсетхан Досқожанов қалалық мәслихатқа кандидат болып тіркеліпті. Ал, кезінде Семей қаласының екі мәрте әкімі болған, «Праймериз-2020» науқанына қатысып өзін сенімді ұстаған  Нұрлан Омаров «Nur Otan» партиясының қатарынан шыққаны өз алдына, «Бірліктен» бас тартып, «Адал» болып қайта аталған партия құрамына барғаны туралы да ақпарат ел ішін кезіп жүр.   

        

Тегтер: партия сайлау таңдау билік саясат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 09:07
Билік тәуелсіз партияларды парламентке жібермейді
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 13:01
Мамин мен Назарбаева Мәжіліс сайлауына қатыспақ
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 12:25
Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 триллион теңге бөлінеді
Әділ КЕМЕҢГЕР 24.11.2020, 09:13
Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр
Қайнар ОЛЖАЙ 24.11.2020, 09:05
Тіл комитетінің тісі қышып бара жатса...
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 18:42
Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42