Шымкентте білім бөлімінің бас маманы ұсталды

Сайт әкімшілігі

23.01.2023, 08:55

551

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаланың білім бөлімінің бас маманына қатысты соталды тергеуді бастады, — деп хабарлайды  Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігімен соталды тергеп-тексеруді бастады. Бұл дерек бойынша Шымкент қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғалары күдікке ілінген.

Қалалық білім бөлімінің бас маманы Ш.А. балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет (800 мың теңге) пара алу дерегі анықталды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық білім бөлімінің бас маманы Ш.А. ұсталып, өз жауабында қылмыс жасағанын толық мойындаған. Ш.А-ға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Тегтер: пара қылмыс күдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:00
ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды
Сайт әкімшілігі 10:35
Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы
Нұрболат ӘЛДИБЕК 07:12
Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 17:45
Әсет Матаев парламент сайлауына қатысады: "Біздің буын көптеген мәселелерді шеше алады"
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 15:19
Мәртебелі фамилияңыз әділдікті қалпына келтіруге кедергі емес – Ерлан Саиров
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 12:38
Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28