Сирия мен Иракта жүрген 800 қазақстандықты қайтару жалғасады
Сыртқы істер министрлігі мен өзге де органдар Сириядағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау операциясын жалғастыра береді. Бұл туралы 21 қаңтарда министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. «Бұл операция кезінде 1-5 жас аралығындағы балалар басты назарда болды. Олардың көбі Сирия аумағында дүниеге келген», деді ол.Бұған дейін 9 қаңтарда президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 47 азаматы Сириядан оралғанын мәлімдеген. Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ қолдайтын күрдтердің Сирия демократиялық күштері Қазақстанның ондаған азаматын еліне берген. Олардың бесеуі – ДАИШ сапында соғысқандар. 2018 жылы шілде айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткен.
Дереккөз: Азаттық радиосы
Тегтер:
Сайт әкімшілігі
16:00
ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды
Сайт әкімшілігі
10:35
Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы
Нұрболат ӘЛДИБЕК
07:12
Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
Сайт әкімшілігі
01.02.2023, 17:45
Әсет Матаев парламент сайлауына қатысады: "Біздің буын көптеген мәселелерді шеше алады"
Сайт әкімшілігі
01.02.2023, 15:19
Мәртебелі фамилияңыз әділдікті қалпына келтіруге кедергі емес – Ерлан Саиров
Сайт әкімшілігі
01.02.2023, 12:38
Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды