СИЗО-да 8 айын өткізген Бақытгүл Хаменованың видеосы жарияланды

Сайт әкімшілігі

04.08.2022, 09:04

1061

Атырау облысы әкімнің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды «Жас Алаш»  ATPress.kz телеграмм-каналына сілтеме жасап.

Бүгін Атырау қаласының №2 сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталды.

Экс шенеунік Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша айыпталуда.

Сотталушылар қатарында Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев те бар. Ол Хаменовамен бірге «алдын ала сөз байласу арқылы пара алды» деп айыпталуда.

Алайда алғашқы сот отырысы бар болғаны 20 минутқа созылды. Құжаттардағы келеңсіздіктерге байланысты сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды.

Сотталушы айыптау актісінің көшірмесін алған жоқ. Прокуратура құжаттарды ұсынғанымен, ол (авт. Бақытгүл Хаменова) танысу үшін камерадан шыққысы келмеді. Сондықтан сотты 2022 жылдың 11 тамызына дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды», — делінген жазбада.

Сот залынан шығар алдында Хаменова жақындарына «әділдік жеңеді» деп сендірді.

«Әділдік болады. Бәрі жақсы болады. СИЗО-да өткізген 8 айға жауап береді», -деді Бақытгүл Хаменова.

Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Тегтер: сот қылмыс тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 14:15
Алматы тұрғыны Әл-Фараби бойындағы тұрғын үй құрылысына шағымданды
Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 10:38
Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 15:56
Назарбаев елордада жаңа мешіттің ашылуына қатысты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 13:39
Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Нигерия күдіктіні Қазақстанға экстрадициялауға әлі жауап берген жоқ
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 11:37
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:09
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49