Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды

Сайт әкімшілігі

15.08.2022, 10:38

2443

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда қант нарығындағы монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды.  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин елімізде қанттың негізгі көлемі Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан төрт зауытта өндірілетінін атап өтті. 

Бұл ретте елде өндірілген қанттың негізгі көлемін (шамамен 90%) ірі көтерме жеткізушінің сатып алғаны атап өтілді, оның іс-әрекеттерінен тауарды айналымнан алып қою белгілері байқалып отыр, соның салдарынан қанттың нарықтық бағасы 700-800 теңгеге дейін көтерілген, ал өндіруші зауыт оны 420-450 теңгеден сатады.  Қант сатудың динамикасын зерттеу барысында әр айдың соңында компанияда елдің жекелеген өңірлерінде сұранысты ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қалдық қордың болғаны анықталды. Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша тергеу тағайындады.  Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін нарық субъектілерінің тауар биржасы арқылы қанттың ең аз партияларын (60 тонна) өткізу бөлігінде оларға бақылауды қатаңдату, сондай-ақ импорттаушыларды биржа арқылы қант өткізуді жүзеге асыруға міндеттеу және өндіруші зауыттар үшін шикізат сатып алуға айналым несиелерін бөлу мәселесін қарау ұсынылды. 

Премьер-Министр ұсынылған тәсілдерді қолдап, мемлекеттік органдарға бірқатар қосымша тапсырмалар берді.  Үкімет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша компанияға қатысты тергеуді жалғастыруды тапсырды.  Қаржылық мониторинг агенттігіне осы кәсіпорынның қызметін ықтимал бұзушылықтар тұрғысынан егжей-тегжейлі талдау тапсырылды.  Сонымен қатар Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, отандық қант зауыттарына шикізат сатып алуға «айналым схемасы» бойынша қаражаттың бір бөлігін жіберу мәселесін пысықтауды тапсырды. 

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 09:53
Бүгін Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды
Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 08:57
ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді
Әділ АҚЫЛБАЙ 23.09.2022, 08:47
Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:16
Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:53
Сайлау-2022: бюллетендерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:48
Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41