Сочиде халықаралық АТОМЭКСПО – 2022 форумы өтуде

Бифат ЕЛТАЕВА

22.11.2022, 15:26

446

Кезекті халықаралық АТОМЭКСПО көрмесі биыл Ресей мемлекетінің Сочи қаласында өткізілді. Форум «Атом көктемі: тұрақты олашақты құру» деп аталады. Атамыш форумға ядролық технологияларға негізделген инновациялық дамудың өзекті мәселелерін жоғары кәсіби деңгейде мемлекетік құрылымдардың, яғни әлемдегі ірі компаниялар, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен халықаралық сарапшылардан құралған бес мыңнан астам елің жетекші сарапшылар мен мамандары қатысты.

Халықаралық «АТОМЭКСПО – 2022» халықаралық форумының ашылуы салтанатты түрде өткізіліп, іс-шараны «Росатом» компаниясының бас директоры Алексей Лихачев ашып берді. Халықаралық форумның ашылуы барысында МАГАТЭ ядорлық энергиясының бас директоры Михаил Чудаков пен Африка «Атом» ұйымының негізін қалаушы ханшайым Мтомбени қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ форумның басты мақсаты әлемдік атом өнеркәсібі көшбасшыларының энергетикалық нарықтың заманауи мәселелерін талқылауы үшін қолайлы және өнімді жағдай жасауға арналған болатын. Сол себептен, ашылу салтанатында Латын Америкасы, Азия, Африка және Еуропа елдерінің Ресеймен атом энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастығын дамытуға қатысты ортақ меморандумға қол қойылды.

Аталмыш үлкен көрмеге әлемнің 67 елінен 3500-ге жуық қонақ келіп, атом энергиясы көрмесін тамашалап қана қоймай, атом электр станциялары мен атом өнеркәсібінің басқа да нысандарына техникалық турлар  мен мәдени іс-шаралардың өткізілуіне куә болды.

Халықаралық форум қараша айының 21 және 22 күндері өткізіледі. Екі күнге созылатын жиында әлемнің түкпір-түкпірінен мүдделі қатысушылардың қатысуымен атом электр стансаларының  рөлі кең ауқымда талқыланады.  Сонымен бірге, жоспар бойынша пленарлық отырыстар, тақырыптық дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар өткізіліп, онда жаһандық климаттық күн тәртібінің мәселелерін шешудегі энергия және Біріккен Ұлттық ұйымының тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ядролық технологиялардың үлесі, жасыл экономикадағы проблемалар, атом энргетикасындағы жасаны ителлекттің рөлі мен орны, жабық экономикалардың перспективалары мен жаңа мүмкіндіктері, өнеркәсіптерді цифрландру, заманауи сын-қатерлерге қарсы тұру міндеттері мен өге де тақырыптар талқыланатын болады.  Форум халықаралық деңгейде өткізілетіндіктен, екі күннің ішінде 40-қа жуық іс-шаралар өткізіледі деп жоспарланды.

Тегтер: атом энергетика

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:55
Назарбаев – елдің өткен шағы
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 13:45
Екібастұздағы тұрғындардың шығынын компания өтейді – Серік Жұманғарин
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 12:20
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:27
НАТО Украинаға көбірек көмек көрсетуге уәде етті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:04
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 17:42
Тоқаев пен Макрон Елисей сарайында келіссөздер жүргізді

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43