Сот Алматының ірі базарын мемлекетке қайтарды

Сайт әкімшілігі

04.10.2022, 11:03

1319

Алматының Экономикалық соты бұған дейін жекешелендірілген Barys IV («оптовка» деген атпен танымал) базарын мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен қалалық прокуратураның шағымын қанағаттандырды. 

Іс материалдарынан 2013 жылдың желтоқсанында «Найза-БН» компаниясы Barys IV базарын мемлекеттен сатып алып, Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен келісім шарт жасалғаны белгілі болды. Бұған дейін Бас прокуратура бұл нысанның бес есе арзан бағаға сатылғанын хабарлаған болатын. Нарықтық құны 1,5 миллиард теңге болса, 307 миллион теңгеге сатылған. Осыған байланысты Алматы прокуратурасы жоғарыда аталған келісім-шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

«Мемлекеттік орган заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі прокурордың талап қоюына негіз болып отыр. Сот талқылауы барысында талап арызда келтірілген дәлелдер расталды. 

Мәмілені жарамсыз деп тану үшін сатып алушыға объектінің құнын төмен бағалауда көрсетілген заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру негіз болды. Сотта мемлекеттік мүлікті арзандатылған бағамен сату дерегі расталды», — деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сот талап арызды қанағаттандырып, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдағаны атап өтілген.

«Алматы прокуратурасының талап арызы қанағаттандырылып, сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Сот шешіміне соңғы шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде апелляциялық және прокурорлық өтінішхат беруге болады», — деді судья Жанар Есембаева. 

Тегтер: базар сот шешім

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:55
Назарбаев – елдің өткен шағы
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 13:45
Екібастұздағы тұрғындардың шығынын компания өтейді – Серік Жұманғарин
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 12:20
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:27
НАТО Украинаға көбірек көмек көрсетуге уәде етті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:04
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 17:42
Тоқаев пен Макрон Елисей сарайында келіссөздер жүргізді

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43