Сот Арыстанбек Мұхамедиұлының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

Бұрынғы министр 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынды.

Сайт әкімшілігі

15.09.2023, 10:30

2242

Астана қалалық соты Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша шешім шығарды.

Апелляциялық алқа отырысында экс-министр Мұхамедиұлының өтінішін қанағаттандырмады.

— Мұхамедиұлының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Қаулы заңды күшіне енді. Мұхамедиұлының кінәсі толық дәлелденді, қорғаушылардың уәждері расталмады. Ақтау негіздері қарастырылмаған. Іс бойынша аудиторлық зерттеу жүргізілді, — деді судья Мұрат Солтыбаев.

Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған еді.

Оған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Айта кетсек, сот барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кінәсін мойындамады.

Биыл 20 маусымда сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар елорда соты оның сыбайластарына да үкім шығарды. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысының 3 сыбайласы да 7 жылға сотталды.

Еске салайық, биыл 26 шілдеде Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы сотқа істі қайта қарау туралы апелляциялық шағым түсірген еді.

Аталған сот отырысының жалғасы 14 қыркүйек күні сағат 9:30-да өтеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 16.09.2023, 12:33
Ет туралы ертегі
Жарас Кемелжан 16.09.2023, 10:20
Нұрбек «мәселенің қараңғы түрін» біле ме?
Айгүл Баба 16.09.2023, 09:30
Сазда жатқан Ким балшықта отырған Путинге келді
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 10:30
Ұлттық басылымдарды жабылудан сақтап қалған Алтынбек еді...
Қуаныш Қаппас 14.09.2023, 10:00
Өрісі кең, жолы тар қазақ ураны
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 09:20
АҚШ: Солтүстік Корея мен Ресейдің келіссөздері «қауіпті»

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55