СҚО билігі халықты қашанғы алдайды?

Айнұр АБАЕВА

05.10.2022, 10:33

1309

Биыл Адырна.кз порталы «Жұмыссыздыққа тойдық» деген материал жариялады. Мақала авторы солтүстікке қоныс аударған оңтүстік тұрғындарын жұмыспен қамтуға дым ықпал етпейтін «Еңбек» бағдарламасын сынға алады.Мақалада Дәурен Тілеубаев деген азаматтың пікірі берілген. Оңтүстікте туып-өскен Дәурен Мамлют ауданына қарасты Калугино ауылына қоныс аударған екен. Солтүстікте өткізген үш жылының ішінде не жұмыс таба алмады, не берілген баспананың сапасы көңілінен шықпады.–  Көшіп келгенімізге үш жыл болды. Жұмыс жоқ. Әкімге талай бардық. Жұмыс орталығына бардық. Бізге жауап болмады. Бәрі үнсіз. Ешкім хабарласпайды. Ешкім біздің жағдайымызды сұрамайды. Мұндай жағдайда біз қалай өмір сүреміз?», – деп күйінеді Тілеубаев. Ол енді бәрін тастап, туған жеріне оралғысы келеді.

Оңтүстіктен көшіп келгендер үйлердің сапасыздығына, жұмыстың жоқтығына шағымдануда. Көбі «калым» дейтін бүгін бар, ертең жоқ тұрақсыз табыспен күнелтеді. Әне, жақсы өмір іздеп солтүстікке қоныс аударғандар әлеуметтік желіде жылап жатыр.Ұлан Әбішев дейтін бір блогер ерінбей барып, Ленинградское селосының тұрғындарымен әңгімелесті. Бұл ауыл бір кездері гүлдей жайнап тұрған аудан орталығы болатын. Қазір қайыршының күйін кешіп отыр. Кедейліктен әбден жұтап, жүнжіп кеткен. Ауыл халқының тұрмысы тым нашарлап кетіпті. Ауыл адамдары блогерге Ленинградское селосында жұмыс жоқ екенін айтты. Жұрт бір-біріне жалданып, күнін әрең көруде. Ауылдың жолына қарасаң, құдды біреу бомбалап кеткен сияқты. Сапалы ауыз су атымен жоқ. Ауылдықтар зейнетақы мен кездейсоқ табылған қара жұмыспен күн көреді. Жастар жұмыстың жоқтығынан Астана мен Көкшетауға қашып жатыр. Ауылдағы 9 зауыттың бірі жұмыс істемейді.Мамлютка ауылының тұрғындары өз ауылында жұмыс жоқ емес, бар екенін айтады. Бірақ мәселе жалақыға келіп тіреледі. Алатын орташа жалақысы небәрі 42 мың теңге екен. Оның 5 мыңы сол күйі сылқ етіп зейнетақы қорына кетеді. Ит жұмысқа жегілетін жұмысшылардың қолында 37 мың теңге қалды. 42 мың теңге – Мамлюткадағы орташа жалақы. Жақсы деген жалақы ары кетсе –  60 мың теңге ғана. Одан артық ақша алмайды ешкім.Мамлютка ауданына қарасты Чистое ауылында жастар қалмаған. Еңбекке жарамды ұл-қыздар жақсы өмір іздеп, басқа облыстар мен қалаларға кетті. Ауыл Ресеймен шекаралас жерде орналасқан. Елдің солтүстігіндегі жұмыссыздық жағдайы күрделі күйінде қалып отыр.Солтүстік Қазақстан облысы бойынша статистика департаменті өңірдегі жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейі туралы мәліметтерді келтіреді. Департамент атап өткендей, 2022 жылы жұмыспен қамту деңгейі облыс халқының жалпы санының 66,7 пайызын құрады. Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының үштен бірі ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында еңбек етеді. 15%-ы өз қызметін сауда саласында жұмыспен қамтылған.Өнеркәсіпте 12%, білім беруде 8 %-дан астам. Ресми тіркелген 14,5 мың жұмыссыз бар. Бейресми есеппен қанша адамның жұмыссыз жүргені белгісіз. Бірақ «Тенгриньюс.кз» порталына берген сұхбатында облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірде оң өзгерістер көп және оған тұрғындардың да көзі жеткізіп отырғанын айтты.Үйлер салынып жатыр, кәсіпорындар ашылып жатыр, халық жұмыспен қамтамасыз етіліп жатыр дейді ол. Ал жалақы деңгейі, әкімнің айтуынша, 22 пайызға өскен. Қалай-қалай көсіледі, ә? Әрине, 37 мың теңге жалақы алып, мал бағуға мәжбүр болған оңтүстіктің жас мамандары бұл ертегіге сенбейді.Ең сұмдығы, Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстанда биыл жыл соңына дейін қанша адам жұмыссыз қалатынын нақты білмейді. Тамыз айында Тайыншы әкімдігінің кесірінен 430 адам жұмыссыз қалды. Әңгіме СҚО билігімен көптен бері күресіп келе жатқан «Тиолайн» компаниясы туралы болып отыр.Тайыншы қаласының әкімдігі тау-кен байыту комбинатының қызметкерлерін жұмыстан айырды. 2020 жылы комбинаттың 170 жұмысшысы табысынан айырылды. ЖШС қызметкерлері жұмыс орындарын сақтап қалу үшін аштық жариялауға мәжбүр болды. Бір ай бойы электр қуаты үзілді. 400 адам жалақысынан айырылды. Заңды сауал туындайды: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі осылайша әдейі жұмыссыздық тудырып отыр ма? Обухов тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысында басқа тәуір жұмыс таппайтынын жақсы біліп, өз жұмыс орны үшін күресуде. Тіпті солтүстіктің мәдени орталығы Петропавл қаласында да 100 мың теңгеден жоғары жалақы жоқ. Ал «Тиолайнда» жалақы тұрақты өсіп келеді. Орташа жалақы 450 мың теңге. Кәсіпорын қызметкерлері үстемеақы мен сыйақы алады. Тау-кен байыту комбинаты ана капиталын төлеп, отбасыларды қолдайды. Бірақ облыс билігі бұған немқұрайды деген сыңай танытып отыр!«Тиолайн» ЖШС-ның атқарушы директоры Виктор Долгалев өз қызметкерлеріне қолдау көрсетіп қана қоймай, оңтүстік тұрғындарын жұмыспен қамтуға көмектесуге дайын. Биылғы жылы ҚР Үкіметі оңтүстіктен келген студенттерге 80 грант құруға ақша бөлді. Долгалев атап өткендей, бұл тәсіл жастардың солтүстікте жақсы бейімделуіне көмектеседі. СҚО менталитетімен танысу үшін. Олар оқу барысында солтүстіктің өмір салтымен танысады. Оңтүстік өңірлердің студенттері оқуын бітіріп қана қоймай, тау-кен байыту комбинатына жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.Өкінішке қарай, СҚО билігінің өзі бұған мүдделі емес. Олар өз азаматтарына қолдау көрсетудің орнына тиімді зауытты құртып жатыр. Baigenews.kz басылымының хабарлауынша, кеше ғана Петропавл қалалық әкімдігінің қызметкерлері өтірік айтып, ресми сауалдарды құрғақ сөзбен қатырмақ болғаны үшін сотталды.Сөзбе-сөз келтірсек: Қала әкімінің халықпен кездесулерінде келіп түскен өтініштердің орындалуын тексере келе, жауапты тұлғалардың мәселе шешілді деп соға салғаны анықталды. Іс жүзінде ештеңе шешілмеген, тіпті өтініш берушілермен ешкім хабарласпаған болып шықты. Халыққа сапалы, толыққанды және сенімді ақпарат беру керектігі туралы үнемі айтылатын ескертулерге қарамастан, әкімдіктің бөлімдері жалған жауап берген екен.Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімдері өз жауаптарында ұйғарымдар орындалды және арызданушыларға түсініктемелер берілді деп есеп береді. Алайда, арызданушылармен сөйлесу және тексеру барысында басқармалардың жауапты мамандарының ешкіммен кездеспей, ешбір түсініктеме бермегені белгілі болды. Қазақстан президентінің «еститін мемлекет» бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысында осылайша саботажға оңбай ұшырап жатыр екен. Жергілікті билік өзінің жергілікті халқымен қашанғы сөйлеспей, үндемей құтыла береді екен?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:55
Назарбаев – елдің өткен шағы
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 13:45
Екібастұздағы тұрғындардың шығынын компания өтейді – Серік Жұманғарин
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 12:20
Екібастұздағы жылу орталығын өзге өңірлерден келген бригадалар жөндеуге кірісті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:27
НАТО Украинаға көбірек көмек көрсетуге уәде етті
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:04
Серік Жұманғарин мен Юрий Ильин Екібастұзға барды
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 17:42
Тоқаев пен Макрон Елисей сарайында келіссөздер жүргізді

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43