Судья Мерхат Құрманов Жәкішевтің шағымын қанағаттандырмады

10.09.2019, 21:01

299

СудьяМерхат ҚҰРМАНОВ «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар ЖӘКІШЕВТІҢшағымын қанағаттандырмады. Сот отырысы 5 сағатқа созылып, үкім 21-00 шамасындашықты.  

ШығысҚазақстан облыстық сотында сот отырысы айғай-шумен басталды. 16.00-гежоспарланған сот отырысына Жәкішевтің жақтаушылары бір сағат ерте жиналды. Сот басталмай жатып, қолдарына плакат ұстап ұрандатқанын «ЖасАЛАШ»бұған дейін жазған болатын.

Жалпыбұл облыстық соттағы апелляциялық істі қарау алғашында тамыз айына жоспарланғанболатын. Бұған дейін бостандық сұраған шағымданушының өтінішін Семей қалалықсоты қанағаттандырмаған еді. Сондықтан, Мұхтар Жәкішев пен оның қорғаушыларыоблыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген. Кейінге ысырылып, ысырылып, әріәбден кешкі уақытқа белгіленген істің үкімі әбден түнде оқылды.

Сонымененхош делік. Нағыз айқайдың көкесі дәл осы сот ғимаратының дәлізінде басталды. Сотөтетін бөлменің тарлығын айтқан қызметкерлер келушілерге басқа бөлмені ұсынды.Шағын ғана экраннан қарауға кеңес бергендердің сөзіне ашуланған ел шулап қояберді. Ақыры сот сағат тілі 16.00-ден аса басталып кетті.


Міне сот отырысыөтіп жатыр. Ашық сот. Алайда бізді сот залына кіргізбеді. Бөлек бөлмені берді.Ол жерде не дыбыс естілмейді. Экраннан бейне де дұрыс көрінбейді. Жәкішевтіңөзін де байланысқа шығармады. Сұмдық қой мынау!дейді, Өскемен қаласының тұрғыны Альмира СҮЛЕЙМЕНОВА.

Сототырысына Жәкішевтің бірлі-жарым қолдаушыларынан басқа екі қорғаушысы Нұрлан БЕЙСЕКЕЕВпен Паллада ТЕПСАЕВА қатысты. Сотқа келген журналистер де санаулы болды.Республикалық 31арнамен бірнеше сайттың тілшілерінің қатысуына рұхсат етілді.Алайда қамауда отырған әрі босатуды сұрап өтініш берген Мұхтар Жәкішевтіңөзін қатыстырмады. Байланыс жасау мүмкін еместігін алға тартқан судья, тіптіонлайн режимде де қосу мүмкін болмады деді. Бұған наразыболған қорғаушылары қанағаттанбай, судьяның өзіне сенімсіздік танытты. Бұданкейін қорғаушы үшін қосымша уақыт беріліп, жарты сағаттық үзіліс жарияланды.

Осыүзілісті пайдаланған Мұхтар Жәкішевтің қолдаушылары үлкен зал сұрап, айғайғабасты. Оларды облыстық соттың төрағасы Нұрлан ҚАЙЫРБЕКОВ өзі шығып, әзертоқтатты. Белсенділер төрағаның «араларыңыздан сенімді төрт адамды тағы дақосып кіргізейік» – дегеніне келісіп, сабырға келді.Бірақ, Жәкішевтің босапшығатынынан үміттерін үзбеді.


— Ол кісі күніне 47 таблеткадәрі қабылдайды. Үшінші топтағы мүгедек. Ондай азаматтың 5 баласының арасынақайтқанын қалаймыз. Биыл жастар жылы ғой. Жастарға әділ жолды көрсетсін! Үлгікөрсетсін! Әділдік қалай орнайтынын көрсетсін!деді, Семей қаласынан келген Бесжан КҮМІСБЕКТЕГІ.

Бірсағаттан астам үзілістен кейін сот процесі қайта жалғасты. Алғашқы өтініштеріқанағаттандырусыз қалғаннан соң, қорғаушылар істі жүргізіп отырған судьяға ғанаемес, сот құрамының барлығына қарсылық танытып, сенімсіздіктерін тағы білдірді.


— Мен облыстық соттық барлыққұрамына сенімсіздік білдіруге мәжбүрмін. Мені дұрыс тыңдамады. Бұл біздегісоттардың әділетсіз екендігінің тағы бір дәлелі, – дейді Мұхтар Жәкішевтіңқорғаушысы Нұрлан Бейсекеев.

Өздегендерінен танбай істі жалғастырған судьяның сөзінен кейін қос бірдейқорғаушы ұзақ сөйледі. Мұхтар Жәкішевтің кінәсіз екендігін айтты. Жазықсызсотталып, өмірінің он жылы қапаста өтіп жатқанына наразылық та танытты. Бірақсудьяға ол сөздердің әсері болмаған сыңайлы. Асығыс ақылдасу бөлмесіне шығыпкетіп, кешікпей қайта оралған судья Мерхат ҚҰРМАНОВ: 

— Семей сотының қаулысыөзгеріссіз қалсын! Өтініш қанағаттандырусыз қалдырылсын. Сот шешімі қайтақарауға жатпайды, – деді.


Бұғаннаразы болғандар әділ соттың болмағанын және болмайтынын айтып жатты. Тіпті, Финляндияданарнайы келген Айкен ҚАЙРАНБАЙҚЫЗЫ: 

— Мұхтар Жәкішевтің қазақ еліне сіңіргенеңбегі мен адалдығын күллі халық біледі. Өкінішке қарай, бәрі өзгеріссіз қалды.Қатты өкініп тұрмын. Ардақты ұлымыздың бостандыққа шыққанын көрейін деп, сонауФинляндиядан қолдау үшін келіп едім. Өте өкінішті, – дейді. 

Ал судьясенімсіздік білдірудің қажеті жоқ деп санайды.


— Бәрі де заңның аясында қаралады. Ешқандай қысым жасаудың керегі жоқ.Біз қандай да бір қателіктер жіберіп немесе дұрыс қарамады десеңіздер, барлықкеліспеушіліктеріңізді жазып, жоғарғы сотқа шағымдануларыңызға болады,– деді,ШҚО сотының судьясы Қайрат ШАҚПАНТАЕВ.

Осылайшаүміттері ақталмай, сот ғимаратынан әбден тарығып шыққан ел «Мұхтарғабостандық, Мұхтарға бостандық» деп айғайлап, Өскеменнің көшесін қоюланабасқан қараңғылыққа еніп кете барды. Тек қолдарындағы плакаттары ғанаанда-санда айғайлаған үндерімен бірге айдың жарығына ағараңдап көрінеді...

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢРҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 13:50
Тоқаев: Асыл құндылықтарымызды аяқасты етуге жол бермейміз
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 10:33
Смайылов қазақстандықтардың шағымына үн қатты
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 15:22
"Әртүрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз". Депутат елдегі жалақы туралы айтты
Күлтегін БЕК 02.06.2023, 10:15
Өзбекстан қай жолды таңдады?
Жарас ШӨКЕ 01.06.2023, 09:06
Смайылов айтқанмен... Фостер пысқырмайды, Денисовке бәрібір
Сайт әкімшілігі 31.05.2023, 17:28
Депутат бас прокурорға жүгініп, бірқатар атышулы есімді атады

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11