Сын түзелмей, мін түзелмес

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ

12.01.2022, 17:00

1302

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев: «Қ.Тоқаев кеше айтқан мәселелердің көбін біз жылдар бойы ескертіп келдік. Бірақ биліктегілер бізге құлақ асуға құлық танытпады. Енді, міне, соның ащы дәмін татып отыр. Өзінің кімге қызмет ететініне де мән бермейтін жағымпаздарға қарағанда, сыншылар елге әлдеқайда көбірек пайдалы екенін айтып жүрдім де ғой. Өйткені жағымпаздарға бай патшалармен бір дастархан басында отырса, болғаны» деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

         Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының да пікірі осы тектес. Ол биліктегілерге дат айтып, сөзін өткізе алатын абыздардың қалмағанына қынжылады.

‒ Былайғы уақытта әділетсіздікті, жемқорлықты, ұлт мүддесіне қайшы саяси қателікті ашық сынай алмаған «тұлғалардың» осындай күрделі кезеңде елді сабырға шақырып, басу айтқан сөздері  өтімді бола бермейді. Тіпті кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан билік сын айтқанның бәрін жау санамауға тиіс. Ал ел алдында жүрген тұлғалар орынды, жанашыр сынды көбірек айта білуі керек. Керек болса, шындықты тіліп-тіліп айтуы ләзім!

Бірауыз сөзіне ел іркіліп тоқтайтын, сүйкімі кетпей әдемі қартайған абызымыз жоқ. Өкінішті. Қазақтың рухани тоқырауы басқа емес, осы болса, керек! ‒ дейді Қайрат Жолдыбайұлы. 

Шыны керек, ел депутаттарына да жұртшылықтың назы көп. Парламент қабырғасында халықтың көкейіндегі мәселелерді жетер жеріне жеткізе алмайды, үкіметтің мардымсыз жұмысына жарытып сын айтпайды, айтқан күннің өзінде одан оң нәтиже шықпай жататынын айтқандар болды. Одан бөлек, билікте жүргендердің журналистер мен халық арасынан шыққан белсенділердің аузына қақпақ бола беретіні де қоғамда талқыланып жүрген нәрсе. «Қалай десек те, бәрін уақыт көрсетеді. Бүгінгі уәделер толық орындала ма, жоқ па? Тағы да жаңа тағайындаулар бола ма, бұрынғы саяси қуғындағылар ақтала ма? Азаматтық қоғам мен тәуелсіз басылымдарға еркіндік көбейе ме деген сұрақтар бар...» деп жазды журналист Есбол Нұрахмет.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев билік көп жыл бойы елдің қауіпсіздігіне басты қатер төндіруші ретінде көрген кез-келген бейбіт демократиялық оппозицияға қарағанда, мемлекетті элита ішіндегі қақтығыстар тұрақсыздандыруы мүмкін екенін айтады. «Енді көріп отырғанымыздай, олар жауды жау іздеп керек емес жерден іздеді және күреспейтін адамдармен күресті. Әсіресе, бұл ішкі қақтығыстардың нәтижесі ертең, шынымен, бақылаудағы қылмыстық топтар мен радикалды экстремистер мақсатты түрде пайдаланылғаны анықталып жатса, көреміз. Соңғы оқиғалар билік ұзақ уақыт бойы елемей келген, көптің көкейінде жиналып қалған мәселелер негізінде аңызға айналмайтын нақты әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жасау ғана елдегі әлеуметтік шиеленістің басқа да ықтимал барлық аймақтарын бейтараптандыруы мүмкін екенін көрсетті» дейді ол.   

Тегтер: лаңкес қауіп қатер терроризм соғыс қантөгіс мемлекет халық әлеумет қоғам пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48