Сындырып, қиратудан бюджетке 48 миллион теңге шығын келген

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

23.11.2020, 09:23

1908

Жыл басынан бері қала көшелеріндегі орын алған жол көлік оқиғалары мен вандализм салдарынан бюджетке 48 миллион теңге шығын келген. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов мәлімдеді.

Автокөліктердің түнгі жарық бағаналарына соғу дерегі жиілеп кеткен. Осы уақытқа дейін оның 42 дерегі тіркелсе, жол көлік оқиғаларының салдарынан 3 бағдаршамға, 6 айналма жолға айтарлықтай зақым келген. Аялдамаларды қиратып кету дерегі бойынша 36 жағдай орын алғаны анықталса, қалалық полиция басқармасының мәліметінше жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен архитектуралық формаларды және урна, орындықтарды сындыру, бүлдіру, ұрлау сынды 6 вандалдық әрекет тіркелген.

Вандализмнің жиілеуінен бюджетке келтірілген шығындардың көлемінің көбейюі қала тұрғындарына өз дәрежесінде жағдай жасауға кері әсерін тигізіп отыр деген Асқарбек Темірбекұлы заң бұзғандар жауапкершіліктен құтылмайтынын жеткізді. Сонымен қатар қала әкімдігі зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын шұғыл жүргізіп келе жатқанын және қаладағы аллеялар, гүлзар бақтары, аялдамалар мен орындықтар, қоқыс жәшіктері, баннерлер мен жарық шамдары, мұның барлығы халықтың игілігі үшін орнатылғанын, сондықтан әрбір мүліктің қалыпты жағдайда болуына қоғам болып атсалысу керектігін айтты.

Биылғы жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік желілерге жүргізілген талдау мәліметіне сәйкес қала тұрғындарынан 2 мың 584 сауал жолданған. Оның ішінде, сауалдардың 10 пайызы тағылық, бұзу, сындыру, бүлдіру, көше бойын қоқыспен ластау әрекеттерінің үлесінде. Бүгінде өтінімдердің 97 пайызы дер кезінде шешімін тапқан. Қалған 3 пайызы қаржы бөлінуіне қарай орындалатын болады.

Тегтер: оқиға бақылау қадағалау жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:31
Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді
Б.БЕКСҰЛТАНОВ 16:02
Сайлау өтті, ары қарай не болмақ?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 11:26
"Екіншінің" екпіні Едігедей болмады
Батыр ЖАСҰЛАН 09:32
Мамин мықты премьер ме?
Досым СӘТБАЕВ 20.01.2021, 09:26
Мамин не үшін әлі отыр?
Әділ КЕМЕҢГЕР 19.01.2021, 13:32
Жағымпаздық үшін қылмыстық жаза керек

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15