Тағы бір шал кетті...

Әділ АҚЫЛБАЙ

30.03.2021, 08:47

9327

      Еліміздің байлығын еркін билеп-төстеген, ең ірі ұлттық компанияларды басып-басқарып отырған атышулы «Самұрық-Қазына» қорынан Ахметжан Есімов кетті. Жетпістен асқан шағында.

    Қайтейік енді? Амалсыздан, жұмысқа жарамсыз күйге жеткізген қу кәріліктен кетті. 

    «Мен» деген бай-бағланның бірі еді. Экс-президенттің ең сенімді үзеңгілесі еді. Атынан ат үркетін Ахметжан еді. Еңселі Есімов еді...

     Денсаулығына байланысты демалысқа кетті. Кетерінде өзінің қор төрағасы деген биік лауазымын елудегі «жасқа», осы «Самұрық-Қазына» қорының басшылығында талай жылдан бері жүрген Алмасадам Сәтқалиевке тапсырып кетті. Болашақ жастардың қолында дейміз-ау. Солай деумен ғана тынушы едік бірақ. Шын.

     Есімов сияқты ірі де кәрі фигуралардың уақыты бітіпті. Не десек те, бұдан былай Қазақстан жастардың қолына ақырындап өте бастайды. «Елу жылда – ел жаңа» деген осы-ау.

Тегтер: лауазым мәртебе зейнеткер саясат билік пікір пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 10.06.2021, 08:49
«Медаль алғыш» Мамин міз бақпай отыра бере ме?
Әділ КЕМЕҢГЕР 10.06.2021, 08:44
Біз бұларға қалай сенеміз?
Батыр ЖАСҰЛАН 08.06.2021, 08:45
Мәскеудің лас ойынына біз неге араласуымыз керек?
Әділ АҚЫЛБАЙ 04.06.2021, 08:57
Әй, «Самұрық-Қазына»! Халықтың ақшасын қашанға дейін шаша бересің?
Сайт әкімшілігі 04.06.2021, 08:44
Сең қозғалған секілді
Батыр ЖАСҰЛАН 03.06.2021, 09:02
Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02