Таразда асылып өлген солдаттың аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті анықталды

Сайт әкімшілігі

23.01.2023, 12:47

1197

Бұл сұмдық жаңалықты арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасаған авдокат Сержан Пралиев мәлімдеді, деп хабарлайды  Жас Алаш  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

2022 жылдың тамызында Ұлттық қауіпсіз комитеті Шекара қызметіне қарасты Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылғы Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған болатын. Жігіттің жақындарының мүддесін қорғап жүрген адвокат Сержан Пралиев журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді мәлімдеп отыр.

«Мен бұл мәлімдемені жасауға мәжбүр болып отырмын. Өйткені тергеуге қысым бар және тергеу көп нәрсені байқағысы келмейді. Сондықтан бұл мәселеге қоғамның назарын аудартпасақ болмайды. Тергеу көзге анық көрініп тұрған фактілерді назарға алмай, әскерге келген жігіттің өліміне нағыз кінәлілерді тексергісі келмейді.

Әуел баста шекарашылар Мираш қызымен ұрысып асылып өлді деген нұсқаны алға тартты. Алайда, бұл нұсқа расталған жоқ, өйткені оның жүріп жүрген қызы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сұхбат беріп, онымен ұрсыспағанын айтты. Содан кейін, шекара бөліміндегі өзге әскерлер бірінен кейін бірі тергеуге жауап беріп, алдымен осы нұсқаны алға тартты, кейін келісімшарт қызметіндегі бөлім командирі Айбек Нұртаев оны ұрып-соққанын, қорлағанын айтқан. Осылайша, 2022 жылдың 24 тамызында ол ұсталып, «лауазымын асыра пайдаланғаны» үшін сотқа дейінгі тергеу басталды», — дейді адвокат.

Осылайша, істе шикілік барын білген марқұмның адвокаты мен жақындарының арызы бойынша бірқатар сараптама тағайындалған.

«Оның қорытындысы мені, яғни жігіттің адвокатын ғана емес, бүкіл адамды есінен тандыра жаздады: биологиялық сараптама  жігіттің ауыз бөлігі мен іш киімінен, футболкасынан екі және одан да көп ер адамға тиесілі шәует (сперманың — ред) ізі табылғанын анықтады», — дейді адвокат.

Осы мәлімдемеден кейін әлеуметтік желіде Мираштың банк қосымшасынан алынған деген үзінді тарады: суретте көрініп тұрғандай, оның денесін тауып алған әскерде бірге қызмет еткен жігіт 2 тамыз күні өлген жігітке «минет жасап бергеніңе рақмет» деген жазумен 5000 теңге аударған.

«Тергеу осы деректі назарға алмай, істі «лауазымын асыра пайдаланған» деген баппен жалғастырмақшы. Бірақ Мираштың өлімін «сексуалды сипаттағы зорлық әрекеті» деген бапқа ауыстыру керек», — дейді адвокат.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірге бұл іске қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Тегтер: сарбаз әскер өлім

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:22
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Әділ АҚЫЛБАЙ 07:17
Ресей Путиннен қашан құтылады?
Сайт әкімшілігі 02.02.2023, 16:00
ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды
Сайт әкімшілігі 02.02.2023, 10:35
Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі жерлер мемлекетке қайтарылды: істің мән-жайы
Нұрболат ӘЛДИБЕК 02.02.2023, 07:12
Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 17:45
Әсет Матаев парламент сайлауына қатысады: "Біздің буын көптеген мәселелерді шеше алады"

Аңдатпа


  • Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп
    07:32
  • Ресей Путиннен қашан құтылады?
    07:17
  • Қайдасың, инвестор?
    07:23
  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    02.02.2023, 07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    02.02.2023, 07:16