Таулы Қарабақты Ресейге қайтару керек – Жириновский

Сайт әкімшілігі

01.10.2020, 03:06

3706

–Таулы Қарабақ үшін Әзірбайжан жағында соғысуға Түркия дайын. Әзірбайжанның кез келген елдімекеніне жасалған шабуыл Түркияның елдімекеніне жасалған шабуыл деп қабылданады, – деді Түркия Сыртқы істер министрі мен Ердоған партиясының төраға орынбасары.

 Мұндайда ресейдегі ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский қалай үндемей қалады? «Бұл дауға нүкте қою үшін Қарабақты Ресей құрамына қосып алу керек» деген мәлімдеме жасаған ол да жағаласып, ойынға араласты. Былай дейді сонда Жириновский:

– Бұл жерде тек екі шешім бар: Таулы Қарабаққа Армения да, Әзірбайжан да таласпайтындай халықаралық мәртебе беру. Немесе Таулы Қарабақты Ресей құрамына кіргізу. Ресейге қайтарып алу керек. Баку губерниясы дейміз бе, Ереван губерниясы бола ма, не Краснодар өлкесінің Степанокерт ауданы етсек те. Таулы Қарабақты армянға да, әзірбайжанға да жоқ ету керек. Әйтпесе, бұл екеуінің соғысы ешқашан бітпейді. Ертең бір жерде плотинаны жарып, Армения мен Әзірбайжандағы кей қалалар мен елдімекендерді су басуы мүмкін, енді бір жерде Чернобыльдағыдай атом стансасы атылады ертең. Соғыстың салдары тым ауыр болып тиюі мүмкін. Сондықтан соғысқа жол бермей, Таулы Қарабақты біржақты қылу керек, – деген ұсыныс тастады Владимир Жириновский.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 09:13
Қазақ мемлекеттігіне жаһандық қауіп төніп тұр
Қайнар ОЛЖАЙ 09:05
Тіл комитетінің тісі қышып бара жатса...
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 18:42
Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:54
Азаматтық форум онлайн форматта өтуде
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 09:23
Сындырып, қиратудан бюджетке 48 миллион теңге шығын келген
Сайт әкімшілігі 22.11.2020, 14:49
Байбек: Nur Otan-ға 5 жыл ішінде 1,2 млн. адам жүгінді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56