Теміртауда жаңа тартыс басталды

10.09.2019, 16:01

218

Халыққа енді ақша жоқ па?

Теміртау қаласында елуден астам көп балалы ана жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барды. Бұл туралы «Жас АЛАШТЫҢ»өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Көп балалы аналар мемлекеттік мекемеге таңның атысынан кеш батқанға дейін жүрді. Аналарнаразылығына шенеуніктердің атаулы әлеуметтік көмекті қиып тастауысебеп.

— Таңертеңнен бастап осы жұмыспен қамту бөліміне келіпотырмыз. Басында қала әкімінің орынбасары сосын бөлім бастығы шыққан еді. Оларбарлығымен жеке сөйлесіп жатыр. «Бөлімнің ішінде комиссия құрдық, сол қарапжатыр» деді. Менің кішкентай үш балам бар, жұмыссызбын, балаларға қараймын. Жұбайымавтобус жүргізушісі, оның тапқан табысы жетпейді. Енді берген ақшаларын көпсініп,оны алып қойып отыр, әрі ештеңе түсіндірмейді, — дейді көп балалы ана ҰлмекенТАЛДЫБАЕВА.

Наразы болған көп балалы аналардың айтуынша, маусым, шілдеайларында әр балаға атаулы әлеуметтік көмек төлеген, алайда сол қаражаттытамыздан бастап қиып тастапты. Сондай-ақ шенеуніктер көмектің не себептіберілмей отырғаны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Содан шыдамдарытаусылған көп балалы аналар мемлекеттік мекемеге келіп, шу көтеріп жатыр.

Еске сала кетсек сәуірден бастап жаңа форматта Атаулыәлеуметтік көмек тағайындалған. Мұнда тұрмысы төмен отбасылардың әр баласына21900 теңгеден төленетін болған. Дегенмен бұл әлеуметтік көмекті алу үшін көпбалалы отбасылар түрлі құжат жинап, әуре-сарсаңға түскен еді. Енді көмектіалғанына екі ай ғана болған кейбір теміртаулық отбасылар бұл қаражаттан даайрылып отыр.

Көп балалы аналарға қолдау білдіріп жүрген қарағандылықбелсенді журналист Ләззат ҚОЖАХМЕТ атаулы әлеуметтік көмекті алып отырғандардытексеру барысында «асыра сілтеу болмау керек» деген пікір білдірді.

— Аудандарда жағдай тіпті ауыр, сынықтан сылтау іздеп атаулыкөмекті тоқтатып жатыр. Қарқаралы ауданында әлеуметтік көмек тоқтаған аналарды  шенеуніктер «министрліктің жауабын күтіңіздер»,деп әлі үміттендіріп отыр екен. Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту бөліміаналармен соттасып жатыр. Көп балалы аналардың кейбіріне «табысыңды жасырдың»деп себепсіз кінә тағуда. Аналарды соттау деген қайдан шықты? Қарағандыныңәлеуметтік саласына жауап берген, бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Жандос ӘБІШЕВбауырымен бірге мүгедектерге бөлінген 103 млн теңгені жымқырыпты. Алайда, бала-шағасыбар деген желеумен экс-шенеунік жазадан құтылып кетті. Ал Қарқаралыда үш ананыбалаларына алған 21900 теңгесі үшін шырылдатып сотқа сүйреп жатыр, — депмәлімдеді журналист.

Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойыншаорынбасары Мирас ҚҰТТЫБАЙ көп балалы аналар мәселесіне қатысты кейін арнайы сұхбатберетінін айтты.

— Қазіргі уақытта мен сол көп балалы аналарды қабылдап,әрқайсымен жеке сөйлесіп отырмын. Нақты бір жалпы шешім айта алмаймыз. Әр ананың  жағдайын жеке қарап көреміз, — деді МирасҚұттыбай.

Күні бойы мемлекеттің мекеменің есігін күзеткен көпбалалы аналар шенеуніктерден әлі нақты жауап алмағанын мәлімдеді.

— Мына жерде тіпті Гүлнәз деген келіншектің табысын «60мыңды» үстінен өшіріп, маркермен «90 мың теңге» деп жазып қойыпты. Мұндакелгендердің көбіне «ақшаны заңсыз алдыңдар, қайтарасыңдар» деп жатыр. «300 мыңтеңгені қайтарасыңдар» деп айтқандар да болды, — дейді көп балалы ана Баян МАМИТОВА.

Фото автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 16:22
Қазақстан Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салады
Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 12:00
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды
Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 11:45
«Ұлы дала жорығы»: «AMANAT» партиясының қолдауымен бәйге-додасы мәреге жетті
Әділ КЕМЕҢГЕР 30.09.2022, 08:34
Даниалдар «дань» төлемейді!
Жарас КЕМЕЛЖАН 29.09.2022, 08:37
Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
Еркежан АРЫН 28.09.2022, 12:39
Республика күнінің маңызы зор

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37