Тимур қазаққа түкірді

Жарас КЕМЕЛЖАН

18.08.2022, 08:13

2499

Қазақты теспей сорған екі адам болса, соның бірі – Тимур Құлыбаев. Аты айтып тұрғандай, Тимур – нағыз темір болды. Атса, оқ өтпейді, шапса, қылыштың жүзі жасиды. Әйтпесе, экс-президенттің еркетотай күйеу баласы туралы кім, не жазбады? Журналистер де, тәуелсіз саясаткерлер де тоқпақтап жатыр. Бірақ темір бала ұрған сайын борсық сияқты семіре берді, семіре берді...

Тимур Құлыбаевты еш себепсіз түйреп отырған жоқпыз. Ол тергеуде жатқан Кәрім Мәсімовтің рейдерлік жолмен тартып алған екі кен орнын сатып алмақ көрінеді. Кім, не сатып алмай жатыр дейтін шығарсыздар? Дұрыс, оңды сұрақ. Алайда Қаңтар қырғынынан кейін Назарбаевтар әулетіне тықыр таяп, айылын жиғандай еді. Негізі, солай болуы керек қой. Соның алғашқы қадамдары да жасалды. Үлкен қыз бір айдай «ауырдым» деп, парламенттегі партасына отырмай қойды. Кейін қызметімен қош айтысты. Ал кіші қыз Әлиядан «Оператор-РОП» қайтарып алынатын болған-ды. Тимурдың бажасы мен қайын ағасы қос Қайрат әлі күнге дейін тергеуде жатыр деп сеніп жүрміз. Ал Болат «Алтын Ордадан» аластатылып, ағасы Ақордадан шеттетілгендей болған...

Ендігі кезек осы Тимур мен Динараға келгендей еді. Иә, Тимур да қаңтардың ортасында сегіз жыл басқарған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінен кеткен-ді. Бірақ бұл қызмет жіліктің майлы басы болғанымен, Тимурдың миллиардтарының қасында тиын-тебен ғана.

Халық «Қаңтар қырғыны» деген детектив сериалдың келесі бөлімінде Тимур мен Динара туралы трагедиялық оқиға болатын шығар деп күтіп жүрген-ді. Бірақ фильм мүлде басқа сюжетпен жалғасып жатқандай. Тимур Құлыбаев «Жаңа Қазақстанға» пысқырмай, Мәсімовтің кен орнын сатып алғалы жатыр екен. Ал керек болса? Енді бұған қалай күймейсің, қалай күйінбейсің?

Қаңтар қырғынында 238 боздақ бостан-босқа оққа ұшты ма? Сол марқұмдардың бодауына елде әділдік орнайтын шығар, шындық салтанат құратын болар деген халықтың сенімі бар еді. Тимур түкіре салды. Жаңа Қазақстан ертегідей елестемей ме сіздерге? Халық әлі де жақсылықтан үмітті. Барша қазақтың жалғыз үміті – Қасым-Жомарт Тоқаев! Мейлі, Мемлекет басшысына қандай сын айтылса да, отыз жыл ойран салған Назарбаевтардың тозағынан алып шығатын тұлғаны Тоқаев деп таниды жұрт. Сол сенімді «темірдің тоты» баспаса екен деген үміт қана қалды бұл қазақта.

Атасы ел басқарып тұрғанда қазаққа шаңның тозаңындай жақсылық жасамаған «темір баладан» енді қайыр күту артық. Екі кен емес, екі жүз кен орнын сатып алса да, миллиардер күйеу қазаққа қарайласпайды. Кен сатып алса – қара басының қамы.

Тимур сатып алады делінген кен орындары – Боранкөл мен Толқын. Біріншісінің бастапқы бағасы 300 миллион теңгеден, ал Толқын 931 миллион теңгеден басталатын көрінеді. Бұл өзі басынан дау арылмаған кен сияқты. 2000 жылдан бері игеріледі екен. 2010 жылы румын кәсіпкері Анатолий Статиге тиесілі «Толқыннефтегаз» ЖШС мен «Қазполмұнай» ЖШС заңсыз тартып алынған. Стокгольм арбитраждық соты Статидің Қазақстанға қарсы арызын қанағаттандырып, нысандарды жекешелендіру үшін 560 миллион доллар өтемақы төлеуге шешім шығарыпты. Біздің Қазақстан өтемақы төлеуден бас тартып, істі халықаралық соттарда созуға тырысады. Ал Кәрім Мәсімов Стати кен орындарын «экспроприациялаудың» артында тұрғандардың бірі. Сөйтіп, ол Статиге қарсы қиянатты және күмәнді сот процестерін ұйымдастырған. Кен орындарының басындағы былықтың бізге белгілісі осылар ғана. Ал біздің мемлекеттен жем жеп, су ішіп отырған баспасөз құралдары соны әлдеқандай жаңалық қылып жазуда. Қысқасы, экс-елбасының миллиардер күйеу баласы қазаққа шекесінен қарап, «Қаңтар қырғынын» да, «Жаңа Қазақстанды» да пысқырар емес.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 09:53
Бүгін Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды
Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 08:57
ҰҚК Қазақстан мен Ресей шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді
Әділ АҚЫЛБАЙ 23.09.2022, 08:47
Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:16
Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:53
Сайлау-2022: бюллетендерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 13:48
Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41