Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды

Сайт әкімшілігі

13.01.2022, 12:05

908

Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды  Ақорда. 

«Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылсын», — делінген Жарлықта.

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болған.

Ал 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 

2012 жылғы 1 ақпаннан бастап — Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министрі). 

2016 жылы 28 желтоқсанда ол ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2019 жылы ақпанда Үкімет тараған уақытта Сүлейменов осы қызметінен босатылды, оның орнына Руслан Дәленов келді. 

2019 жылы наурызда Тимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалған болатын.

Тегтер: министр реформа халық пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48