05.03.2021, 11:18
1921
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай твит жариялады, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
«Бүгін тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасырдың басында Әлихан бастаған қазақ интеллигенциясы уақытында тынымсыз еңбек етті», — деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.
Әлихан Бөкейханов — қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және жетекшісі, қазақтың алғашқы ұлттық үкіметінің басшысы, ғалым, публицист. Ол бүкіл өмірін қазақ халқының бостандығы мен саяси тәуелсіздігі үшін күреске арнады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР