«Тоқаев нұсқауды мүлтіксіз орындайтын адам»

20.03.2019, 15:30

96

Бүгін сағат 12-00 де сенат төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріседі. Жас АЛАШ тілшісіне жаңа мемлекет басшысы жайында саясаткер Балташ ТҰРСЫНБАЕВ пікір білдірді.«Қасым-Жомарт Тоқаевты жақсы білемін. 1998-1999 жылдары марқұм Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВ басқарған үкіметте қатар еңбек еткенбіз. Мен премьер-министрдің орынбасары болдым. Тоқаев СІМ басқарды. Көппен араластығы жоқ. Қандай да бір мәселені шешіп жүргенін көрген емеспін», — дейді саясаткер. Кеше Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ күтпеген жерден республикалық телеарналардың эфирінен өкілеттілігін тоқтатанынын мәлімдеді. Айтпақшы, 2018 жылдың маусым айында сенат төрағасы BBC арнасына берген сұхбатында президенттің келесі сайлауға түспейтінін ең бірінші және соңғы адам болып мәлімдеген.«Шыным айтсам, Президент Назарбаев 2020 жылы президенттік сайлауға қатысады дегенге сенбеймін. Себебі ол өте дана адам және ақылы көп. 2020 жылы бізде өзге кандидаттар болады», — деген еді Тоқаев мырза. Балташ Тұрсынбаев Тоқаев саяси карьерасындағы мұндай жетістікке өзінің бір адамға деген адалдығы арқылы жетіп отыр дейді.«Тоқаев жуас әрі айтқананын шықпайтын адам болған соң осы қызметке келіп отыр. Ол нұсқауларды мүлтіксіз орындайды. Енді билік транзитін бақылап отырады. Негізі Тоқаев өте сақ саясаткер ғой. Бекер дипломат емес. Бірақ ол саяси аренада ҚДТ (ДВК) қуғындаумен есте қалды. Жас түркілерді жаншуға араласты. Мен сол кезде Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ жайлы «Начнем с понедельника» газетіне үш бірдей мақала жаздым. Содан кейін ол үкімет басшысы қызметінен кеткен», — дейді Балташ Тұрсынбаев. Фото: zhasalash.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 09:18
Тілі 7-бапқа байланған ел
Әділ КЕМЕҢГЕР 12.05.2021, 07:41
Билік транзиті болмады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 12.05.2021, 07:03
Ким қазақты қайтсін...
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 15:28
Өзін «ақпын» деп ресми тілде ақталған Жоламанова қазақ тілін менсінбей ме?!
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 11:39
Мұхтар Түменбай: Бұл әзілдейтін нәрсе емес!
Сайт әкімшілігі 11.05.2021, 10:08
Риддердегі өрт: полиция тергеу бастады

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06