Тоқаев талдықорғандықтарға Назарбаевты мақтады

02.05.2019, 20:33

137

Алматыдан сағат 10-да ұшып шыққан Тоқаевты Алматы облысының активі таңғы 8-ден бастап күтті.

Салтанат сарайындаөткен жиынға облыс шенділері мен жас белсенділер және кәсіпкерлер қатысты.Дөңгелек үстел форматында өткен басқосуды түсіру үшін таспагерлерге 5-ақ минутуақыт берілді. Ал, тілшілер президенттің қатысуымен өткен жиынды арнайыбелгіленген бөлмеде теледидар арқылы бақылады.

Күні бұрын құжатын тапсырған «Жас Алаш» тілшісін  тізімде жоқ екенін айтып, ішке кіргізбеді. Алайда, облыс әкімі баспасөз қызметінің араласуымен жоспарлы жиын басталуға аз қалғанда рұқсат берілді.

Әдеттегідей, жиынның басы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ мадақтаудан басталды. «Елбасының сарабдал саясатын жалғастыруды мақсат тұтам» деген президент Тоқаев сынақтардан сүрінбей өту үшін елімізге бірлік пен қажырлы еңбек әрі әділетті қоғам керек дегенді айтты. Бұл сөздерді облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы да қуаттады.

Елбасының көреген саясатының арқасында елбірлігін сақтай алдық. Тұңғыш президентіміз өгізді де өлтірмей, арбаны дасындырмай, ел тұтастығы үшін барын салды", — деді Алматы облысыардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек КЕЛІМСЕЙІТ.

Қоғамда жөнсізмақтау мен мадақтаулар көп. Президентті алаңдататын мәселенің бірі — осы.Мақтаудың да жөні мен реті бар деген Тоқаев шын марапатқа лайықтылар ескерілмейжатқанын айтты.

"Желтоқсан айы басталса біраз министрлер мен барлық деңгейдегі әкімдерді жаппай марапаттауды бастаймыз. Олардың ішінде марапат пен атақты өздері сұрап алатындары да бар. Барлық бастықтар мерекелік шараларға кеудесі толған ордендермен келеді. Бірақ, бізде еңбегі еленбейтін мұғалімдер, дәрігерлер және журналистер бар. Олар басқалардан (шенеуніктер) кем жұмыс жасап жатқан жоқ. Марапаттауға қатысты тәртіпті өзгертуіміз керек", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алматы облысында200-ге жуық ауыл ауыз суға зәру. Президент қазынадан қомақты қаражат бөлінгенінеқарамастан облыстағы ауыз су мәселесі әлі де шешілмей жатқанын айтты. Мәселен,соңғы 20 жылда Алматы облысының тұрғындарын таза ауыз сумен қамту үшін 500миллиард теңге жұмсалған. Бұл аралықтағы инфляцияны ескерсек, аталған соманыңаз емес екені анық. Алайда, проблема әлі де шешілмей жатыр. Ауыз суғабағытталған қаражат тиімді игерілмеген. Есептік комитет пен құқық қорғауоргандары бұған  жауап беруі тиіс дегенпрезидент мемлекет қазынасындағы қаражатты үнемдеуге шақырды.

"Барлығыңыз білетіндей бізде көптегенбағдарламалар болды. Бірақ, олар толық орындалды ма? Бұл мәселеге тереңқарауымыз керек. Күні кеше Елбасымен осы мәселе төңірегінде сөйлестік. Қазірбізге болашақ ұрпақ үшін ақшаны үнемдеу қажет. Қайдағы қаржы мекемелерінқұтқару үшін қаражат құюды доғару керек. Содан кейін имидждік жобаларға, яғни,елдің дамуына қатысы жоқ ғимараттар салуға қаражат жұмсауды да тоқтату керек.Жиынға жеткенше Амандық Ғаббасұлы біраз жаңа нысандарды көрсетті. Әрине, олароблыс үшін қажетті құрылыстар. Дегенмен, бізге қазір үнемдеу маңызды",- деді, президент Тоқаев.

Жетісу өңірінде 3ауысымда оқитын және апаттық жағдайдағы мектептер көп. Қазір облыс оқушылары 20жаңа мектепті қажет етеді. Бұл мақсатқа президент 29 миллиард теңге бөлудіжоспарлап отырғанын айтты.

Фотоларды автор ұсынды.

Бас фото: inform.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:00
Nur Otan өз депутаттарының игі істерімен бөлісті
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:33
«Көзір» күйді: Маминнің тағы бір өтірігі ашылды
Алып АРСЛАН 08:28
«...Аузы жаман елді былғайды»
Сайт әкімшілігі 17.09.2021, 16:00
"Бізге үлкен ойындар қажет емес". Тоқаев ШЫҰ саммитінде не айтты?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 17.09.2021, 14:00
Цой қайда қарап отыр?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 16.09.2021, 15:00
Байахметов баспанасы жоқ әкімді енді байқады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39