Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді

Сайт әкімшілігі

03.12.2020, 12:05

1731

Сенат "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" заңға енгізілген Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттіктер беретін түзетулерді қабылдады,

Заң жобасында мынандай түзетулер ұсынылды:

— қаладағы аудандарды елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне енгізу;

— облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада 400 мыңнан астам тұрғыны бар елді-мекенді аудан ретінде құру;

— аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемдерін нақтылау;

— Үкіметтің ұсынысы бойынша және жергілікті өзін-өзі басқарушы және атқарушы билік органдарының пікірлерін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді-мекен ретінде құру туралы шешімдер қабылдауға Президентке өкілеттіктер беру;

— республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді-мекен ретінде құру туралы ұсынысты Президентке енгізу үшін Үкіметке жаңа құзырет беру;

— облыстық өкілді және атқарушы органдарға Үкіметке облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқаша құру туралы ұсыныс енгізуге жаңа өкілеттік беру;

— аудандық маңызы бар қаланы ауыл санатына жатқызу туралы аудандық өкілдікке және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу құқығын аудандық маңызы бар қала әкіміне жүктеу.

Сенаттың тұрақты комитеттерінде аталған заң жобасы бойынша ешқандай ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ. Нәтижесінде Сенат депутаттары "Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" заңға енгізілген түзетулерді бірауыздан қабылдады.

Енді президент республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды, басқа да елді-мекендерді қайта құру туралы шешімдер қабылдай алады.

Тегтер: заң өзгерту толықтыру заң жобасы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:10
Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 21.01.2021, 17:31
Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді
Б.БЕКСҰЛТАНОВ 21.01.2021, 16:02
Сайлау өтті, ары қарай не болмақ?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 21.01.2021, 11:26
"Екіншінің" екпіні Едігедей болмады
Батыр ЖАСҰЛАН 21.01.2021, 09:32
Мамин мықты премьер ме?
Досым СӘТБАЕВ 20.01.2021, 09:26
Мамин не үшін әлі отыр?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30