Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды

Сайт әкімшілігі

26.01.2022, 18:50

2815

Белсенді Нұраддин Садықовтың үндеуі:

Экология министрі Серікқали Брекешевтің төрағалығымен утильсборға қатысты алғашқы отырыс өтті. Бірқатар күмәнді сұрақтар қалды.

Комиссияның отырысы қалай өтті:

1. Отырыс сағат 11-ге жоспарланған болатын, бірақ белгіленген уақыттан жарты сағат ерте 10:30-да басталып кетті. Zoom-ға 100 адамға дейін кіре алады, бірақ «Утильалымға жол жоқ» тобының мүшелері енді тіркелейін деген кезде орын жетпей қалды. Біз 30 адамның тізімін бергенбіз, соның жартысы кіре алмады. Кіре алмағандар қатарында Санжар Боқаев та бар. Бұл қолдан жасалған техникалық кедергі деп ойлаймыз, өйткені Боқаев бірінші болып баяндама жасауы тиіс еді.

2. 100 адамның 70 пайызы осы утилизациялық алымның сақталуына мүдделі олигархтық топтар мен компаниялардың өкілдері болды. Тағы 10 пайызы мемлекеттік қызметкерлер мен министрліктің адамдары.

3. Біздің тараптан сөз алған Тілек Бекбасаровтың баяндамасын орта жолдан бөліп, жұлмалап, берекесін қашыруға тырысты. Біздің ұсынысымыз – ауыл шаруашылығы техникасы мен жүк көліктері үшін утилизациялық алымды мүлдем алып тастау. Жеңіл автокөліктер үшін алым 10 мың теңгеден, алғашқы тіркеу алымы 100 мың теңдеген аспасын деген ұсыныс. Кабельдік өнімге де утилизациялық алым жойылсын дейміз. Шамамыз келгенше айттық.

4. Қарсы тараптан атышулы Нұрлан Смағұлов, «Astana Motors» компаниясына қарасты «BMW» компаниясының, «Subaru Motors» компанияларының директорлары утилизациялық алым қалсын деді. Үкіметтің алты жыл бойы әлпештеген, бар жылы-жұмсағын алған бизнестің, елде көлік тапшылығын тудырған компаниялардың сөзі осы. «Агромашхолдингтің» өкілі Лаврентьев сөйлеп, ол да утильалым сақталсын деді.

5. Біз отырыс жұмысына қанағаттанбадық, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына бұл қулар қолынан келгенше қасарысып, саботаж жасап жатыр. Қолдан арандатушылық әрекеттерін жасауда. Қайтсін енді, жемқорға да жан керек! Олигархтардың мүддесі үшін олар да барынша жанталасуда.

6. Құрметті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, экология министрі, таразының екі басы тұр! Бір жағында әрі кеткенде 50 мыңға жетер-жетпес жұмысшылары бар олигархтардың мүддесі, екінші жағында – 19 миллион халықтың мүддесі тұр! Ал шешіңдер! Халық ертегілеріңе, өтіріктеріңе тойды! Не халықты тыңда, не олигархтардың етегінен өлгенше ұстап, халықты тағы косметикалық өтірік өзгерістермен алдап көр. Халықтың пайдасына әрекет жасаңыздар! Құдай бетін әрі қылсын, енді халық көтерілсе, сіздер де, қазақ халқы да оңбайды. Халықтың ұсынысы сол, утилизациялық алым, техникалық регламент, алғашқы тіркеуге қатысты біздің талаптарымыз ескерілмесе, халық көшеге бұл жолы мол шығуы әбден кәдік! Дұрыс шешім қабылдаңыздар!

Тақырыпқа тұздық

Ештеңе өзгермесе, қазаққа не қайыр?

Айтпақшы, утильсбор мәселесі бойынша Қазақстанның автоиндустрия саласын басып алған лоббистер 100 шақты адамды жұмыс тобына қосып, өздері бірдеңе істеп көрсеткендей болып отыр, – деп жазды facebook-те қоғам белсендісі Бекболат Қаржан.

«Оператор РОП» ЖШС-нің тонын теріс қаратып кигізіп, оны «Жасыл даму» деген акционерлік қоғамға лақтырып, өздерінің бұрынғы адамдарын қызметке тартып отыр.

– Сонда не өзгерді? Ештеңе де өзгерген жоқ. Кешегі халықтың қаны төгіліп, бұрқ еткенін ескермеді. Ауыл шаруашылық техникаларына қатысты утилизациялық алымды алып тастамай, ешқашан ауыл шаруашылық саласын дамыта алмаймыз. Ауыл шаруашылығы саласын дұрыс реформалап, қолға алса, мұнай мен газ секторынан да асып түсетін табысқа қол жеткізе аламыз. Орта және шағын кәсіптің 80 пайызынан астамы осы ауыл шаруашылығы саласының еншісіне кіреді. Дүниедегі дамыған елдердің бәрінің ЖІӨ-нің 70-80 пайызын орта және шағын кәсіп құрайды. Мұнайдың дәуірін айқайлап жүріп, өзімізге үлес ала алмай өткізіп болдық. Енді біздің еңсемізді көтеріп, тұрмысымызды тұралатпайтын сала – осы ауыл шаруашылық саласы. Ауыл шаруашылығы техникаларына қатысты утилизациялық алым алынып тасталмаса, онда мынау үкіметтен де, Тоқаевтан да қайыр жоқ. Ауыл шаруашылығын дөңгелетемін деген шаруалардың жайын ойламайтын үкіметтің халыққа да керегі жоқ, – дейді ол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:05
«Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:00
Не істеу керек?
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 17:36
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 16:30
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 15:27
Тоқаев Қырғызстанға барады
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 18:47
«АМANAT» партиясы референдумды қолдау мақсатында Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56