Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды

Кезектен тыс жаңарған парламент мәжілісі жұмысын бастады

Жарас ШӨКЕ

30.03.2023, 05:37

2514

«Жаңақазақстандық» парламенттің бірінші сессиясы өтті. Бұл мәжілістің VIII шақырылымының алғашқы жиынын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашып берді.

Жиынның басты жаңалығы – жұрт күткен үкіметтің тарауы болды деуге болады. Смайылов үкіметінің қаржылық дағдарысқа қарсы тұра алмағаны, елдегі экономикалық-әлеуметтік түйткілдердің артқаны билік тарапынан да айтылып, жазылып келе жатқан дүние.

         Жұрт бір үкіметтің кетіп, екіншісінің келуіне үйреніп қалған. Онша бір елең етпейді, себебі ешқандай жаңалық күтпейді. Дегенмен  реформа атаулы осы үкіметтен басталуға тиіс. Әлеуметтанушылар мен экономистер солай дейді. Жаңа жасақталмақ үкімет осыны түсінсе дейсің. Қалай айтсақ та президент – бір, депутаттар – екі жұлмалайтын «жуас түйе» рөлін сомдайтын үкіметке үйреніп қалған ел қалай болғанда да келесі министрлер кабинетінің жаңа мүшелерінің тізімін көруге асық. Иә, саяси науқаннан көз ашпай кеткен қоғам үшін де, саяси элита үшін де әзірге осындай «қызықтар» мен «жаңалықтарды» місе тұта тұруға тура келеді.

Алғашқы сессияда президент Тоқаев үкіметтің беделін түсірген министрлерді бір сынап қойды. «Министрлер шешім қабылдаудан қорқады, жауапкершілікті әріптестеріне немесе қарамағындағыларға аударады. Мұның бәріне жол беруге болмайды», – деді.  

Иә, мұндай сөгіске «қорқақ» министрлер де, былайғы жұрт та үйреніп алған. Үкіметті таратқалы жатқаннан кейін жай ғана тарата салмайтыны анық, оның үстіне, жаңа үкімет жасақталатыны туралы былтырғы жолдауда да айтылған. Одан бергі уақытта Смайыловтың орнына келетін премьер-министрдің кім екенін болжап, біраз жұрт бал ашып, бірнеше нұсқа жасап та тастады.

Қ.Тоқаев сессия кезінде әлеуметтік мәселелерге көбірек тоқталды. Газ бағасының арзандығын айтып, зәулім үйлерді төмен тарифтермен жылытып отырған тұрғындар туралы сөз қозғады. Баға мен тарифтерді көрші елдермен теңестіру қажет екенін, сонда ғана әлеуметтік әділдік орнайтынын тілге тиек етті. «Төмен тарифтер мен төмен бағалар экономикамызға теріс ықпал етеді. Бөлінген барлық субсидиялар көрші елдерге босқа кетеді» дегенді айтты.

Газ бағасы Қаңтар оқиғасын көрген жұрт үшін ерекше тақырып. Қанды оқиғаның көгілдір отыннан тұтанғанын ешкім ұмытқан жоқ. Президенттің газ бағасына қатысты мұндай мәлімдеме жасауы, қалай айтсаңыз да, ерекше қажеттіліктен туып отырғанын болжау қиын емес. Әйтпесе, көгілдір ұшқыны бүкіл Қазақ даласын қамтыған газдан шыққан өртті билік те, ел де ұмыта қойған жоқ. Бұл кейінірек, арнайы тоқталуды талап ететін тақырып.

Президент бұл жолы да әдеттегідей азық-түлік қауіпсіздігі мен баға саясатына тоқталды. Өндіруші мен тұтынушы арасында жүрген делдалдардың көл-көсір пайда тауып отырғанын сынады. Бұған дейін де айтылып, шешімін таппай келе жатқан тақырыптың себебі ретінде өнімнің тұтынушыға тікелей жетпейтінін себеп ретінде ұсыныпты. Бірақ бұдан жақын арада баға арзандамайтынын, нарық өзгермейтінін бәрі біледі...

Тағы бір білгеніміз – мәдениет саласын дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр екен. Атақ пен марапатқа жомарт «Жаңа Қазақстанда» 1999 жылдан бері алынып тасталған «Қазақстанның Халық әртісі» атағы қайта тағайындалады. Президент бұл атақпен «Қазан айында Республика күні қарсаңында мәдениет қайраткерлерінің бірінші тобына бұл атақ беріледі» деп уәде берді.

Бұдан өзге де адам капиталы, білім, денсаулық сақтау саласында жасалатын реформалар, бай мен кедей арасындағы алшақтық, халықтың тұрмыс сапасы, құқықтық әділетсіздікке қатысты мәселелер айтқан ауызға да, естіген құлаққа да аса үлкен жаңалық болмаса керек.

Айтпақшы, алғашқы сессияда Ерлан Қошанов мәжіліс төрағалығына кандидат ретінде жеке дара ұсынылып, оған депутаттар  регламент үшін ғана дауыс беріп, ол дауысты арнайы құрылған комиссия санап жатты...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:57
Қазақстанда ауа райы бойынша 53 жыл бұрынғы рекорд жаңарды
Сайт әкімшілігі 14:25
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды
Жарас ШӨКЕ 07.06.2023, 15:40
«Үңгірдегі» Абаев Қақпан қапты
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 13:50
Тоқаев: Асыл құндылықтарымызды аяқасты етуге жол бермейміз
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 10:33
Смайылов қазақстандықтардың шағымына үн қатты
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 15:22
"Әртүрлі Қазақстанда тұратын сияқтымыз". Депутат елдегі жалақы туралы айтты

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00