Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге дайын - мәлімдеме

Сайт әкімшілігі

11.01.2022, 16:58

662

ҚР Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылыққа жәрдемдесу шаралары туралы мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Банк өтімділігін қолдау үшін Ұлттық банк стандартты құралдарға қосымша Қазақстан қор биржасында (KASE) репо операциялары арқылы өтімділікті 3 айға дейінгі мерзімге қолдау тетігін пайдалана бастады», — деді ҰБ.

Алматы қаласы мен басқа да өңірлердегі ахуал тұрақталып, байланыс тетіктері рет-ретімен қалпына келуіне байланысты 2022 жылғы 12 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасының валюта алаңында сауда-саттық, екінші деңгейлі банктердің және банктік емес айырбастау пункттерінің валюталық айырбастау операциялары, сондай-ақ халықаралық төлемдер мен аударымдар қайта жанданады.

«Орын алған келеңсіз оқиғалар кезінде қаржылық тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық банк қажеттілікке қарай өзінің тікелей қатысуымен жағдай толық тұрақталғанша валюталық интервенциялар жүргізу және нарықтың ішкі, сыртқы қатысушылары тарапынан теңгеге деген сенімді қалпына келтіру арқылы валюта нарығының теңгерімділігін қамтамасыз етеді», — дедеі Ұлттық Банк.

Тегтер: теңге экономика инфлияция ұлттық валюта

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 13:20
Заңсыз байығандардың зәресі ұшып отыр
Жарас КЕМЕЛЖАН 19.01.2022, 10:10
Ерлан Саиров, саясаттанушы: Мемлекеттілікті сақтау, барлығымыздың басты миссиямыз!
Әділ АҚЫЛБАЙ 19.01.2022, 00:00
Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 18:50
Назарбаев халыққа үндеу жолдады
Дос КӨШІМ 18.01.2022, 17:20
Президентті қолдау деген сөзді билікті қолдау емес, мемлекетті қолдау деп түсіну керек
Жарлы БАЙҒАНИН 18.01.2022, 13:50
«Атамекен» кімнің ата мекені?

Аңдатпа


  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48
  • Жарылысқа жол ашқан – биліктің мақтаншақтық идеологиясы
    19.01.2022, 09:05
  • Аренадан Алаңға дейін...
    18.01.2022, 08:39
  • Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
    18.01.2022, 08:38