Ұлттық құрылтай ұлтты ұйысуға үндейді – Ерлан Қарин

Сайт әкімшілігі

21.06.2022, 16:46

815

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Youtube каналында мәлімдеді.

Ұлттық құрылтай қоғамды одан әрі ұйыстыру жолында идеялар ұсынуға және оны жүзеге асыруға қатысты диалог алаңы болмақ. Құрылтайдың құрамында 117 адам бар. Құрылтайдың төрағасы – ел Президенті. Құрылтайға парламент депутаттары, саяси партиялардың, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлер, білім, медицина, мәдениет, спорт, адам құқықтарын қорғау саласының өкілдері мен белсенді жастар мүше болды, — деп атап өтті Мемлекеттік кеңесші. 

Сондай-ақ ол ұлттық құрылтайдың негізгі ерекшелігіне тоқталып өтті. 

Ұлттық құрылтайдың басты ерекшелігі – оған әр өңірдегі қоғамдық кеңестерден бір өкіл мүше болып кірді. Осылайша, аталған диалог алаңы барлық қоғамдық кеңестердің түйіні болып отыр. Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында, оның жасақталуында, өткізілген орны мен уақытында бірқатар идеологиялық тұжырымдарды қамтитын ой бар. Бірінші ой – біздің мемлекеттілігіміздің тарихи тамыры тым тереңде. Құрылтайдың Жошы хан кесенесінің іргесінде өткізілуінде ерекше мән жатыр. Екінші ой – ұлтты ұйысуға үндеу. Үшінші ой – мемлекет мүддесі бәрінен биік, — деді Ерлан Қарин. 

Айтуынша, осы үш құндылық мемлекетіміздің тарихи тамыры тереңде екенін таныту, ұлтты ұйысуға үндеу, мемлекет мүддесін бәрінен биік қою – жаңа қоғамдық шартты қалыптастыру кезеңінде біздің ең басты бағдарымыз болады. 

Осы орайда мемлекет заң үстемдігін және тәртіптің орнығуын қамтамасыз етуге, пікір алуандығын қолдауға және дамытуға, маңызды шешімдер қабылдайтын кезде қоғамның ой-пікірін ескеруге дайын екенін көрсетіп отыр. Ал қоғам азаматтық жауапкершілікті дамыту, жалған ұрандарға және саяси авантюризмге ұрынбауы, радикализм мен экстремизмнің кез келген түріне тұруы керек. Бұл қоғамдық шарт ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды көздейтін жаңарған жалпы ұлттық құндылықтарға негізделеді, — деді ол. 

Сонымен қатар ол жаңа құндылықтарды атады.

Жаңа құндылықтардың өзегі: еңбекқорлық, еңбек адамына құрмет, кәсіби маманның абырой-беделі, қарапайымдылық, үнемшілдік, әрдайым білім-білікті арттыруға ұмтылу сияқты қасиеттер болмақ. Осы құндылықтарға басымдық беру арқылы біз ұлт сапасын жаңа деңгейге көтереміз, — деді Мемлекеттік кеңесші. 

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.06.2022, 11:40
Алматыда БАҚ жөніндегі заңды қайта қарау барысында журналистердің мәртебесі талқыланды
Сайт әкімшілігі 25.06.2022, 11:35
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Есбол ҮСЕНҰЛЫ 24.06.2022, 14:10
Елбасыдан – ақсақалдыққа
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.06.2022, 09:10
Тоқаев тарапына ақпараттық соғыс басталғандай...
Әділ КЕМЕҢГЕР 24.06.2022, 09:05
Қазақтар қайда қарап келген?
Секен ЕЛШІБЕК 23.06.2022, 15:20
Біраз «жаңалық»

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33