ҰҚК 14 өңірде террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады

Сайт әкімшілігі

13.01.2022, 10:02

644

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және 12 облыста лаңкестік қауіп деңгейі төмендегенін және террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады. 

«Осы себепті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб (РЖШ) Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары аумағында терроризмге қарсы операция аяқталғанын және террористік қауіптің шекті „қызыл“ деңгейі жойылғаны туралы хабарлайды.

Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылып жатыр. Тиісінше осы өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптің шекті „қызыл“ деңгейі сақталады», — делінген хабарламада.

Тегтер: митинг Жаңаөзен Алматы Ақтау Атырау Маңғыстау Қызылорда Қарағанды Орал газ көгілдір отын құқық қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48