ҰҚК Мәсімовпен бірге кімдер ұсталғанын хабарлады

Сайт әкімшілігі

13.01.2022, 15:39

1665

Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасарлары ұсталды, — деп хабарлайды  ҰҚК. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, бұрынғы төраға Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша соталды тергеуді жалғастырып жатыр.

Осы іс бойынша билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер дерегіне қатысты қосымша соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

«Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары  арнайы мақсаттағы қызмет бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды», — делінген хабарламада.

Ведомство өкілі тергеу жалғасатынын мәлімдеді.

Еске салайық, осыған дейін ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Ол 6 қаңтарда уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тегтер: лаңкес қауіп қатер терроризм соғыс қантөгіс мемлекет халық әлеумет қоғам пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 18:50
Тоқаевтың тапсырмасына саботаж жасалды
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 17:22
Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 16:26
Полиция «ӨКМ Операторы» топ-менеджерінің жұмбақ өліміне қатысты пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 14:43
Ертең Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 13:08
Оператор РОП-тың басқарушы директоры өзіне қол жұмсады
Әділ АҚЫЛБАЙ 26.01.2022, 12:29
Мәә!!! Не деген байлық?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48