ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды

Сайт әкімшілігі

23.05.2022, 17:36

1183

Фото ғаламтордан алынды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорда хабарламасында.

Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-майор. 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.

Ф.Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекара командалық училищесін бітірген (1987).

Шекара заставасы бастығының орынбасары, өңірлік басқарма бастығының орынбасары, өңірлік басқарма шекаралық бөлімшелері қолбасшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бас штабы бастығы — директордың бірінші орынбасары лауазымдарында офицерлік қызмет атқарған. Орден және медальдармен марапатталған.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.06.2022, 11:40
Алматыда БАҚ жөніндегі заңды қайта қарау барысында журналистердің мәртебесі талқыланды
Сайт әкімшілігі 25.06.2022, 11:35
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Есбол ҮСЕНҰЛЫ 24.06.2022, 14:10
Елбасыдан – ақсақалдыққа
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.06.2022, 09:10
Тоқаев тарапына ақпараттық соғыс басталғандай...
Әділ КЕМЕҢГЕР 24.06.2022, 09:05
Қазақтар қайда қарап келген?
Секен ЕЛШІБЕК 23.06.2022, 15:20
Біраз «жаңалық»

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33