«Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

30.11.2020, 14:35

1777

Батыс Қазақстан облысында Шыңғырлау дейтін шырайлы аудан бар. Үстінен пойыз өтетін, тас жолы сайрап жатқан, 5 мыңға тарта халық тұратын жап жақсы елді мекен. Соңғы он жылда осы ауылдың 40 көшесі жаңа атауларға ие болыпты. Арасында қол бастаған батырлар да, сөз бастаған ақын-жазушылар да баршылық. Керемет жаңалық дерсіз. Иә, керемет. Тек бір қынжылтатыны көше атауларының қазақша транскрипциясында өрескел қателер өріп жүр. Мәселен, «қара қазан, сары баланың қамы» үшін ереуіл атқа ер салған Махамбет бабамыздың тегі «Утемисов» боп жазылып кетіпті. Орыс отаршылдарына қарсы Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көсемі, әрі шешен Сырым батыр «Датулы» боп айқайлап тұр. Қазақстандағы биохимия ғылымының негізін салушы, Шыңғырлаудың тумасы Лұқпан Қылышевтің есімі де, тегі де тіпті сорақы берілген. Көше атауларының сауатты, дұрыс жазылуына жауапты ауыл әкімдігі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері ай қарап отыр ма сонда? Қашанғы «бұл мәселе назарымызда, рет-ретімен шешімін» табады деп отыра бермекпіз?!

Тегтер: көше атауы мәселе түйіткіл тілді дамыту

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:10
Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 21.01.2021, 17:31
Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қатысты пікір білдірді
Б.БЕКСҰЛТАНОВ 21.01.2021, 16:02
Сайлау өтті, ары қарай не болмақ?
Махамбет САПАРМҰРАТОВ 21.01.2021, 11:26
"Екіншінің" екпіні Едігедей болмады
Батыр ЖАСҰЛАН 21.01.2021, 09:32
Мамин мықты премьер ме?
Досым СӘТБАЕВ 20.01.2021, 09:26
Мамин не үшін әлі отыр?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30