Вице-министрдің жыны әлі тарқамаған ба?

13.02.2019, 22:31

160

Бүгін ғана хит болған «Жыныма тимеңізші» деген сөздің авторы ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік ЖҰМАНҒАРИННЫҢ жыны әлі тарқамаған сияқты. Қызды-қыздымен айтып-ақ салғанмен, ел шулап кеткен соң ақылға келген вице-министр әлеуметтік желі арқылы кешірім сұраған болыпты. Мұның мәні – ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Самал ИБРАЕВА арқылы сәлем айтыпты. Егер Серік ЖҰМАНҒАРИННІҢ жыны толық тарқағаны, кешірімді шын көңілімен айтқаны рас болса, азамат ретінде, мемлекет қызметкері ретінде және өнегелі тәрбиелі жан ретінде тілшілердің алдына өзі шығып, өзі аузымен кешірім сұрар еді ғой. Ондай тірлігі болмаған соң, баспасөз хатшысы facebook желісіндегі парақшасында бүй депті:«Құрметті әріптестер, төменде бүгінгі журналистке айтқан сөзі туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Серік Жаманғариннің пікірін жеткізіп отырмын. Өз тарапымнан қосарым, біз қашан да ашық диалогтарға дайынбыз, роликте қойылған сұрақтарға жауап беруге ашық алаң мен спикер ұсынуға да дайынбыз. Менен сұрауларыңызға болады, сіздерге керекті ақпаратты тәуліктің кез келген уақытында жылдам тауып беруге әзірмін», деген баспасөз хатшысы бұдан ары вице-министрдің сәлемдемесін келтіреді. Сөзбе сөз аударсақ:«Мен журналистің адресіне соншалық қатты айтып тастағаныма өкініп отырмын. Менің сөйлеу мәнерім өрескел болғанын мойындаймын. Сол себепті, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Еске алып отырған сұхбатта айтқанымдай, мен журналистерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге дайынмын», — депті Жұманғарин мырза.Еске сала кетсек, бүгін ғана Ұлттық экономика министрінің орынбасары тарифтер жайлы қойған журналистердің сұрағына «жынымды келтірмеші» деп жауап қатқан.[embed]https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=1RwigyuMGno[/embed]Айтпақшы, Серік МҰҚАШҰЛЫ дәл осы тарифтер бойынша 2018 жылдың қараша айында Қауіпсіздік кеңесінің жиынында мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТАН сөгіс алған болатын. Президент Энергетикалық компаниялардың тұтынушылар есебінен заңсыз пайда тауып жатқандарын және қарапайым халықтың мүдесі қорғалмағанын айтқан-ды. Сөйтіп осы салаға жауапты «жыны келетін» шенеунік сөгіс алған. Тариф жайлы сұрақтың құлағына түрпідей тиетіні содан болар.Кешірімді өзі емес, баспасөз хатшысы арқылы сұрағанына қарағанда, шенеуніктің жыны әлі басылмаған сияқты...Коллаж: Zhasalash.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 09:03
Қылмыстық істердің 68 пайызы электронды форматта қаралды
Сайт әкімшілігі 08:54
«Құрметті олигархтар» қазақ спортын құртыпты
Еркежан АРЫН 03.08.2021, 16:50
Қазақстан – Еуроодақ: сот саласындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейі
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:42
Азаматхан Әміртай: ҚазҰУ-дағы дау: студенттер жатақханасыз қалмақ па?
ІІМ ӨҚД бастығы А.Саданов 03.08.2021, 09:14
Түрмеден хат: Тұрғынбаевтың жауабы қысқа болды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:32
Түркиядағы өрт: террористік ұйым жауапкершілікті өз мойнына алды

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58