Заңсыз байығандардың зәресі ұшып отыр

Әділ КЕМЕҢГЕР

20.01.2022, 13:20

5336

Не болды? Үміт анық көбейді. Қара халық елдің экономикалық саясаты өзгереді, енді мемлекет халыққа көбірек ақша бөледі деген үмітте. Орта буындағы байлар Назарбаевтың отбасы мүшелері босатып жатқан активтердің үлесін иемденуге ыңғайлануда. Ал орта таптан жоғары тұрған ірілеу байлар өздері қазір Қазақстанда болса да, болмаса да, мемлекет біздің барымызды тартып алмаса екен, өзімізге де бірдеңе қалдырса екен деген тілеумен отыр.

Өйткені Тоқаев құрған жаңа қорға ақша жинау басталып, ірі байлар үрейленіп отыр. Ал енді ол қорға бір күндік жалақысын аударғанын жарияға жар салып жатқандар кешегі науқаншылдық дертінен айығып үлгермегендер, «ауру қалса да, әдет қалмайдының» кері деген пікір айтыпты баспасөзге берген сұхбатында сарапшы Расул Рысмамбетов.

Оның ойынша. Тоқаев жариялаған үкіметтің қазіргі құрамы жаңа құрам емес, сондықтан бұл үкімет уақытша үкімет.

– Бірақ сол үкіметтің алғашқы декреттерінің бірі Абу-Дабимен арадағы ГЭС-терді сату туралы келісімді жою болды. Стратегиялық активтерді сату арқылы арабтардан бірнеше млрд доллар тартпақ болған еді. Бірақ мәселен, Шүлбі ГЭС-інің құны қанша екенін біз білмейміз, оның нақты құнын анықтау оңай емес. Сондай нысандарымыз арзанға сатылып кетеді-ау деген қауіп болған.

Алматыға ауыр соққы болған қаралы қаңтардан кейінгі екі аптаның ішінде экономикамыз өзгере салған жоқ, шикізаттық экономикамыз бірден әртараптана қалмады, біз өзіміз де басқа адам боп шыға келген жоқпыз. Экономикамыздың мазмұны өзгерген жоқ. Биыл Қазақстанда 49 триллион теңгеге 10 ұлттық жобаны бастау жоспарланған болатын-ды. Меніңше, ол ұлттық жобалар қайта қаралады. Шынын айтайық, мойындайық, Қазақстан инвесторлар үшін тартымдылығы тым төмен мемлекет. Бізге негізінен, мұнай, металлургия, энергетика мен бидайға инвестиция салатындар ғана келеді. Сонымен болды. Басқа қызығатын саламыз жоқ. Қазақстанда, мәселен, ешкім де литий шығаратын зауыт салғысы жоқ, «Tesla» мен «Mercedes»-тер бізде құрастырылмайды.  

Президент біраз дүниені күзде шешеміз деді, ендеше, енді жарты жылдай Қазақстан өзінің қателіктерін түзеумен болады. Жарты жылдың ішінде бұл Қазақстанда кімнің қанша ұрлап келгені еш бүкпесіз ашық жарияланса деймін. Қазақстанға қазірден қажетсіз, пайдасыз шығындарын азайтумен шындап аяусыз айналыса бастау керек. Дәл қазір әкім-министрлерді жаппай ауыстыратын кез емес, содан болар, әзірге, орынбасарлар ауыстырылуда. Қазір бюджеттің ақшасы далаға жұмсалып жатқан қаптаған жөн-жосықсыз тесіктердің бәрін бітеу керек. Ол деген ұлттық бағдарламалар мен жобалар аймақтарға бөлініп, әкімдер өз қалауынша жұмсайтын қаражаттарға қатысты көп сұрақтар бар еді. Барлық саладағы мемлекеттік келісімшарттарда, орта есеппен, 10 пайыздық «откат» жүйесі бар екенін білеміз. Күлмеуге тырысып айтайын, егер біз жаппай жемқорлықты шынымен тоқтата алсақ, әлгі «откатты», кемінде, 5 пайызға дейін төмендете алсақ, оның Қазақстан үшін өзі зор үнем болар еді. Ал бағдарламалар мен жобалардың тиімділігін 20 пайызға арттыра алсақ, онда, тіптен, жақсы.

Жанармай бағасын, тарифтерді өсіруге қанша тыйым салынса да, нарық ешқайда кеткен жоқ. Тепе-теңдік бір жаққа қарай тым қисаймай тұрғанда, Қазақстанда қазір мұнай, газ, көмір өндірісінің өзіндік құны қанша екенін анықтау керек. Өңдеудің, тасымалдың өзіндік құнын білу керек. Нарықтық баға керек бізге. Ресейдегі мұнай зауыттарында техникалық шығын 2 пайызды құраса, біздегі МӨЗ-дерде техникалық шығындар 7 пайызға дейін барады екен. Сонда әлгі 5 пайыздың қайда кетіп жатқанын білу керек. ҚТЖ-ның ақшасы қайда кетіп жатыр, мысалы? «Яндекс такси» қанша салықтан жалтарды деген ұсақ-түйекті емес, осындай квазимемлекеттік сектордың ірі салаларының шығын-табысын жақсылап түгендеу керек. «Самұрық-Қазынаны» қайта қарастыру, ол жерде де көп қаражат ұрланып келді. «Бәйтерек» қоры бар. Өңірлерде ірі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бар, олар арқылы да миллиардтаған қаражат белгісіз бағытта жоқ болатын. Азық-түлік бойынша тұрақтандыру қорлары сияқты мемлекет ақша бөлетін құрылымдардың бәрін тексеруіміз қажет. Әзірге, ең дұрыс шешім – артық шығындарды шорт кесу, – деп түйіндейді ол.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:05
«Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:00
Не істеу керек?
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 17:36
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 16:30
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 15:27
Тоқаев Қырғызстанға барады
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 18:47
«АМANAT» партиясы референдумды қолдау мақсатында Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Аңдатпа


  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40