Жапон елшісін қарсы алған Садырбаев Әуезовті неге ұмытты?..

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

30.09.2021, 10:01

1487

Қыркүйектің 28 жұлдызы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, елін әлемге танытқан әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің туған күні екені белгілі. Сонымен қатар таныстыруды қажет етпейтін Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкей сынды кесек таланттардың да кіндігі кесілген күн. Алайда, дәл осы атаулы датада семейліктер күтпеген қызық жағдай орын алды. Семей қаласына арнайы сапармен келген Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада мен «Шөп тамыры» бағдарламасының үйлестірушісі Акира Мацумотоны қарсы алған семейлік шенеуніктер мәртебелі меймандарды құрметтеп қарсы алғанымен, нақты тарихи мысалды сана түкпірінен тысқары қалдырды. Аталған қонақтардың Қазақстаннның тарихи мәртебесі айқындалған қалаға келгенінен хабардар еткен Семей қаласының әкімі оның мәнісін «Фейсбук» парақшасында былайша түсіндірді:

«… Сапардың мақсаты қаламен танысу және қаладағы мамандандырылған Бала үйі мен нашар көретіндерге арналған №2 мектеп-интернатында Бағдарлама жобасы жұмысының жабылуына қатысу болып табылады. Аталған мекемелерде Бағдарлама бойынша кір жуу орны мен офтальмологиялық жабдық орнатылды.

Сапар барысында қонақтар Абай музейінің жұмысымен танысты. Елші мырза қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбайұлына құрмет көрсетіп, ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Елші экспозициялардың бірегейлігін, дәстүрлі шығармашылық және заманауи үлгідегі безендірудің ерекшелігін атап өтті. Сонымен қатар, Невзоровтар отбасы атындағы музей қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Елші мырза сүйікті суретшілер — Куинджи мен Шишкиннің туындыларын тамашалады»,-деп мәлімдеді Семей қаласының әкімі Б. Байахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әрине, сырт қарап Семейше кім келіп, кім кетпей жатыр деп пайымдай салуға да болады. Алайда, жергілікті шенеуніктер құрақ ұша қарсы алған жапон елшісі мен оның жанындағы қонақты қарсы алған кезде: «Бүгін қазақтың әлем таныған ұлы перзенті Мұхтар Әуезовтің туған күні еді ғой. 1960 жылы Жапонияда (дерек Википедиядан алынды-авт) болған жазушының Семей қаласының оң жағалауындағы даңғылмен жүргізіп өтіп, ескерткішінің басына неге апармасқа?» деген ойдың саналарында қалайша сап ете қалмағанына қайран қаласың!

 Бұл, сөз жоқ Семей қаласы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Айдар Садырбаев пен қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожинаның «жан-жақты ойластырып» отырып, қай жағынан табыларын білмеген қателігі. Әйтпесе, білдей Жапон елшісін жұмыс талабына сай кір жуу орталығы мен Абай және Невзоровтар отбасы атындағы музейге апарғанда Әуезовтің де тас мүсінге айналған қалпы тасада тұруы мүмкін емес болатын.

Р.С: Ең қызығы сол, 28 қыркүйек – Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Серікқазыұлының да туған күні екен. 35 жасқа енді келген орынбасарды Ямада мен Мацумото Күншығыс елінен Қазақстанның Шығысына туған күніне орай құттықтап келмегендігі сізбен бізге онсыз да белгілі жағдай.

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіс ТЕМІРХАН 03.12.2021, 08:49
Деміккен демократия: Қалай қазақыланамыз?
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 15:50
14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 10:05
Сауранда бірнеше жүк көліктері соқтығысты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 02.12.2021, 09:05
Тәуелсіздік күнін неге үреймен күтеміз?
Әділ АҚЫЛБАЙ 02.12.2021, 09:02
«Оператор РОП» халықтың «үнін өшірді»
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 08:26
30 жылдың қорытындысы: Қарағандылық археологтар қазақ даласының қандай құпияларын ашты

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00