"Жас Алаштың" сынынан соң, Алаша хан мен Жошы хан кесенесін билік назарға алды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

20.11.2020, 15:37

1341

Осы аптада 17 қараша күні «Жас Алаш» сайтына «Жезқазғанда Алаша хан мен Жошы ханның кесенесі қараусыз жатыр» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. 

Онда «Жас Алаштың»  тұрақты оқырманы Алматы қаласының тұрғыны Ахмет Оразбаев  Ұлытауға жолы түсіп барғанда Алаша хан мен Жошы хан кесенесінің қараусыз қалғанына куә болғанын айтып, қынжылған болатын. 

(Құстың саңғырығы басқан кесене)  

Алаша хан мен Жошы хан кесенесіндегі келеңсіз көріністер сайтта жарияланған соң, Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жасұлан Аяшев хабарласып, бұл мәселені назарларына алғанын мәлімдеді. Бүгінде екі кесененің ішіне құс кірмеу үшін есік терезелеріне тор орнатылып, іші сырты тазартылған. 

(Кесененің тазартылған келбеті) 

Ұлытау ауданы әкімшілігі Алаша хан мен Жошы хан кесенесін күзету үшін министрліктен қосымша штат сұраған.

(Құстар кірмеуі үшін құрылған тор) 

— 2021 жылдан бастап Алаша хан мен Жошы хан кесенесін күзету үшін арнайы күзет беріледі. Жошы хан кесенесінің жанына туристік кешен салынып жатыр. Ол жерге асхана, музей, қонақ үй тұрғызылады. Музей қызметкерлері Жошы хан кесенесіне ие болады. Бұл кесенелер қараусыз қалмайды,- деп мәлімдеді Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жасұлан Аяшев.

Ал Ұлытау ауданындағы тарихи жәдігерлерге апаратын жол мәселесі жуық арада жөнделе қоймайтын тәрізді.

Тегтер: тарих тағылым рухани жаңғыру пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыр ЖАСҰЛАН 07.05.2021, 08:52
Қазақтың санын кемітіп көрсету кімге тиімді?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 16:02
Әділ сайлау ауылдан бастала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 14:36
Қазақстанда аналитик-журналистерді дайындайтын болады
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 12:34
Мамай сот талқылауына қатысы жоқ жайттарды айтып кетті — Байбектің өкілі
Әділ КЕМЕҢГЕР 06.05.2021, 08:53
Бұл билік не бүк, не шік болмады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 06.05.2021, 08:46
Гүлшара Әбдіқалықова кімді алдап отыр?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56