Жээнбеков ТЖ кезінде отставкаға кетуге құқы жоқ еді - экс-премьер

Сайт әкімшілігі

16.10.2020, 03:17

1470

Кеше, 15 қазанда Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. «Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым», — деген еді Жээнбеков.

Алайда, Сооронбай Жээнбековтің елде төтенше жағдай режимі кезінде отставкаға кетуге құқы жоқ еді. Бұл туралы экс-премьер-министр Феликс Кулов айтты, — деп хабарлайды 24.kg.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы мұндай шешімдерді саяси тұрақсыздық кезеңінде қабылдай алмайды.

«Бұл жауапсыз әрекет. Конституция бар, заң бар, оны ешкім бұзбауы керек. Бірден осындай мәлімдеме жасайтындай Сооронбай Жээнбековке премьер-министр Садыр Жапаров пен экс-депутат Қамшыбек Тәшиев осындай қорқынышты не айтты? Сооронбай Жээнбеков бұл сұраққа ертең парламент отырысында жауап беруі тиіс. Конституция бойынша солай болуы керек. Жогорку Кенеш оның отставкасын қабылдауы керек. Бұл ретте отырысқа ОСК төрағасы, Жоғарғы сот, Конституциялық палата басшылары, үкімет толық құрамда қатысуы керек», — деп түсіндірді Феликс Кулов.

Ол мерзімінен бұрын сайлау өтетін болса, оны Жогорку Кенеш тағайындайтынын да еске салады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 15.05.2021, 13:17
«Болашақ ұрпақтың несібесін жеп жатырмыз»
Сайт әкімшілігі 14.05.2021, 10:59
Қырғыз-өзбек шекарасында жанжал шықты
Әділ АҚЫЛБАЙ 13.05.2021, 10:19
Веложарыс: Сағынтаев бұл қайткенің?
Батыр ЖАСҰЛАН 13.05.2021, 09:18
Тілі 7-бапқа байланған ел
Әділ КЕМЕҢГЕР 12.05.2021, 07:41
Билік транзиті болмады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 12.05.2021, 07:03
Ким қазақты қайтсін...

Аңдатпа


  • Оспан батыр
    15.05.2021, 13:02
  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09