Жемқорлар да тірі жан

Сайт әкімшілігі

15.04.2021, 15:43

6936

        Рас, қазақтың қалталы шенеуніктері, элитасы мен олигархтары жайбарақат жүре берсе, әділдік пен ашықтық олардың түбіне жетеді. Олар да тірі адамдар, қазақ жерінен жойылып кеткісі келмейді.

       Содан ғой, кеше ғана Қазақстанда жеке бас мәліметтерін жасыру туралы заң жобасы пайда болып, қоғамдық талқылауға түсті.Қазақстанда мемлекеттік органдар мен ресурстар, банк пен өзге де ұйымдар заң бойынша жеке және заңды тұлғалардың жеке мәліметтерін жинайды. Сол қауіпті болса керек, енді кімнің атында қандай фирма тіркелген, ол қанша салық төлеп, қай тендерді жеңіп алғаны, қандай айыппұл арқалағанына дейін көрсететін дерек қорлары мемлекеттік бақылауға алынбақ.

       Ол аздай, элитаның адамдары енді сайттарда жарияланған өзінің аты-жөнін өшіртіп тастайтын құқыққа ие болуы мүмкін екен. Мәселен, театр директоры пәленше түгеншиев туралы жазылған мақаланы әлгі кейіпкер өзінің аты-жөні мен қызметін өшіріп, «Нұр-Сұлтан тұрғыны П.Т.» деп жазыңдар деген талап қоя алады. Тіпті қаласа, ол ақпараттың мүлдем жойылуын талап етуге құқылы болмақ.

      Қысқасы, қазіргі Қазақстанның тарихында өздері болмағандай етіп кетпек екен. (Ешқайда кетпес-ау, бірақ). Салық органдары да ЖСН арқылы адам іздеу сервисін жоқ қылыпты. Сонымен қатар журналистер шенеуніктердің жұмыстан тыс жерде түсірілген суреті мен видеосын келісімсіз пайдалана алмайтын бап енгізілді. Қысқасы, моншада демалып  отырған прокурор-әкімдерді енді көрмейміз. Оларды да түсінуге болады. Өйткені өмір – күрес. Ақ болсаң да, қара болсаң да, жемқор болсаң да – өз тағдырыңды ойлауың керек. Жау жағадан алайын деп тұр, әйтпесе...

Тегтер: жемқорлық сыбайас жемқорлық пара мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:47
Қазақстандық Сәуле Омарова АҚШ-тағы жоғары лауазымнан бас тартты
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 07.12.2021, 18:20
Спортшының тамағынан ақша жымқыру
Әділ АҚЫЛБАЙ 07.12.2021, 15:46
Назарбаев дұрыс істеді!
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 13:15
Тоқаев үкіметке жаңа кадрлар даярлау жөнінде тапсырма берді
Сайт әкімшілігі 07.12.2021, 11:35
Алматыда жылу жүйесі жарылып, Рысқұлов даңғылын қалың бу басып қалды
Еңлік АБАҒАН 07.12.2021, 09:16
Ырымшыл Бозымбаев һәм Баталовтан қалған аутсайдер облыс

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ
    12:29
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00