Жердегі жалғыз жаман – Қазақстан боп қалмасын

Әділ АҚЫЛБАЙ

12.05.2022, 16:16

1644

Ресей екеш Ресей де есін жиятыны анық. Ертең орыстың елі жөнделіп, түзеліп, тазарып кетуі бек, мүмкін. Біз кездері аюдай ақырып тұрған алып федерацияны 22 жыл бойы бір өзі билеп-төстеп, ақыры, адастырып, аяқтан шалып тынған Путин мен оның көрші Қазақстанға жұқтырған «путинизмнің» күні осымен бітті, деп болжайтын сарапшылар күрт көбейді.  

Сірә, орыстар да шыдай-шыдай, әбден шаршады. Сол баяғы шұрық-тесік жол, ескі-құсқы үй, жаппай дөрекілік, қай саланы алсаң да тұнып тұрған жемқорлық, көпе-көрнеу әділетсіздік, жең ұшынан жалғасу, жоқшылық, жұпыны жағдайда отырып, көз алдында қартайған әпенде диктатордың «орысты тізесінен тік тұрғызам» деген өтірігіне тойып бітейін деді.

Егер Ресей кенеттен жөнделіп кетсе? «Орыс халқын тоздырғаның жетеді» деп, есін жиған орыс Путинді құйрықтан бір теуіп, қуып шықса… Ресей де демократияның көшіне жармасып кетсе, бізге байқатпай, Украинаның үлгісімен әділ сайлау өткізіп алса. Тура баяғыдағыдай, ертең жарамсыз ақша боп қалатынын бізге айтпай, рубльдерін Қазақстанға өткізгеніндей, бізге айтпай-ақ өзгеріп кетсе?

«Украинадан қалып қойыппыз, бірақ ештен кеш жақсы, енді құрығанда, Қазақстаннан озып кетейік», деп жанталасуы мүмкін ғой?

Солай болса, біз қайтпекпіз? Біздің жүйеміз әлгі «путинизмнің» моделіне тым қатты ұқсас еді ғой? Аналогымыз тым көп еді. Олардың сайлау біткенді жалмай жеңіп шығатын әділетсіз «Единая Россиясы» – біздің әлгі бір партиямыз. Песков, Лавров сияқты өтірікті судай ағызатындардың аналогтары бізде де толып жатыр. Жаппай теріс селекция, әділетсіз сот, тендер мен жемқорлық, баспасөзді шектеу бізде де бар еді. Халықтың қамынан бұрын бар тірлік тек билікті сақтап қалуға және бар қызықты ат төбеліндей, олигархтардың уысына ұстатуға негізделіп келді ғой, бізде де? Кәдімгі ақыл-оймен жүретін, көзбояушылығы, ұрлығы мен өтірігі жоқ, есі дұрыс елге қайсымыз ертерек айналып кетер екенбіз?

Енді Ресейден бұрын біз өзгеріп, біз озуымыз керек еді, бұл жолы. Бір кездері одақтан кім бұрын шығады деген бәсекеде көш соңында қалып қойған біз едік қой!

Бірақ бұл жолы да Ресей бізден бұрын еркін ел болып кетіп, әділетті қоғам құрып алып, өзінің демократиясымен алға қарай озып кетіп, бізге тағы миығынан қарап, күліп қарап тұрмасын...

Сол еді, көкейдегі бір үрей һәм бір сауал.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:05
«Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
Әділ АҚЫЛБАЙ 08:00
Не істеу керек?
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 17:36
ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 16:30
Ораз Жандосов Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 15:27
Тоқаев Қырғызстанға барады
Сайт әкімшілігі 20.05.2022, 18:47
«АМANAT» партиясы референдумды қолдау мақсатында Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесті

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56