Жетпегені тағы бір «арам сайлау» еді...

Саналған соң, бюллетендер неге жойылуы керек?

Әділ КЕМЕҢГЕР

16.09.2022, 08:45

2379

Президент сайлауын өткізбес бұрын бізге сайлау туралы Конституциялық заңды өзгерту керек еді. Әйтпесе, бұл сайлау да бұған дейін өткен барлық сайлауларымыз сықылды легитимсіз және Конституцияға қайшы болады, деп пайымдайды физика-математика ғылымының кандидаты Эльдар Кнар.

Оның ойынша, ең алдымен, президент сайлауына түсетін үміткерге қойылатын «мемлекеттік қызметтегі бес жылдық стаж» деген талаптың көзін құрту керек. Бұл деген азаматтардың Конституциялық құқығын тікелей бұзатын өте дөрекі талап, дейді ол. Бұл талап тұрғанда, Қазақстанда, шамамен, 100 мың адамның ғана президент болуға құқығы бар да, қалған 10 миллион адамды мұндай құқығынан айырып отыр екенбіз.

«Бұл – билікті узурпациялау мен бюрократияның диктатурасы деп аталады. Қанша жерден «екінші Республика» деп сендірмек болса да. Сосын, «сотталған адам» сайлауға түсе алмайды деген сорақы талап бар екен. Әсіресе, саяси сотталған оппозиционерлерден өлердей қорқып, ондайларды сайлауға жолатпайық деп, кезінде заң қабылдап тастапты. Бірақ біз білеміз ғой, Қазақстанда Назарбаев тағайындайтын судьялар адамды жөн-жосықсыз соттай бергенін. Әсіресе, саяси оппозиционерлерді. Ертең олар президент сайлауына түсіп кетіп, билікке таласпауы үшін. Сайлауда тікелей және ашық дауыс беру жүйесі неге әлі күнге енгізілмей отыр? Өйтсе, фальсификация мен дауысты өтірік санауды ұмытуға тура келер еді. Меніңше, сайлау туралы жаңа заң қабылданып, онда кәдімгі бюллетень және электронды цифрлық қол арқылы ешқандай оқшау кабинасыз, ашық дауыс берілсін деген талап болуы керек. Бюллетендер 100 жыл бойы сақталсын. Қай президенттің қаншалықты шын сайланғанын кез келген сәтте қайта санап алуымыз үшін», – дейді ол.

Ендеше, «мемлекеттік қызметтегі 5 жылдық өтіл» мен «сотталмаған кісі болсын» деген талаптар жойылса, Қазақстанның президенті болғысы келіп, сайлауға қатысайын деген кандидатқа, шамамен, үш-ақ талап қалады екен: 40 жасқа толған Қазақстан азаматы; Мемлекеттік тілді білетін; Жоғары білімі бар.

«Ойбай-ау, мұндай өзгерістерді бірден енгізу мүмкін емес», – деп биліктің бұлбұлдары шырылдай жөнелер. Бірақ шындығында, мұның бәрін бір аптада жасауға болады, тек ниет болса болғаны. Ал енді ниет жоқ жерде мұндай өзгерістерді енгізуге 100 жылдың да жетпейтіні анық.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 16:22
Қазақстан Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салады
Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 12:00
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды
Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 11:45
«Ұлы дала жорығы»: «AMANAT» партиясының қолдауымен бәйге-додасы мәреге жетті
Әділ КЕМЕҢГЕР 30.09.2022, 08:34
Даниалдар «дань» төлемейді!
Жарас КЕМЕЛЖАН 29.09.2022, 08:37
Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
Еркежан АРЫН 28.09.2022, 12:39
Республика күнінің маңызы зор

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37