Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды

Сайт әкімшілігі

03.03.2021, 15:44

1734

Экс-банкир Жомарт Ертаев екінші қылмыстық іс бойынша тағы да түрме жазасын алды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сот үкімімен Ертаев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және жалған құжаттар дайындағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды және материалдық жауап артылатын қызметпен айналысу құқынан 10 жылға айырылды. Ертаев жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Сондай-ақ, осы қылмыстық іс бойынша тағы бес адам сотталды. Мәселен, кәсіпкер Нұрлан Тілеубаев аса ірі көлемдегі алаяқтық пен жалған құжаттар жасауда кінәлі деп танылды. Ол орташа қауіпсіздік колониясында 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да 10 жылға материалдық жауап артылатын лауазымға ие болу құқынан және мемлекеттік марапаттарынан айырылды.

Басқа айыпталушылар Әлімжан Тілеубаев пен Серік Атабай орташа қауіпсіздік колониясында 5 жыл 6 айға сотталды. Ақан Сұлтанов мерзімнің аяқталуына байланысты жазадан босатылды. Ал алтыншы айыпталушы Оксана Шестакова орташа қауіпсіздік колониясында 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сот жаза тағайындау кезінде кінәні жеңілдеткен жағдайларды ескерді. Олар: бірінші сотталығы, кінәні мойындау, жасаған ісіне шын жүректен өкінуі, сотталушылардың қылмысын ашуға белсенді көмегі, басқа да сыбайластарын әшкерелеуге ықпал ету, Ертаевтың, Сұлтанов пен Әлімжан Тілеубаевтың кәмелетке толмаған балаларының болуы, сондай-ақ Шестакованың жүктілігі», — делінген сот хабарламасында.

Сотталушылардың мүлкі мен ақшалай қаражаты шығынды өтеу есебіне беру туралы қаулы шығарылды.

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот 2019 жылдың аяғында басталған болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. 

Былтыр 16 қарашада Алматыда Жомарт Ертаев пен Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты үкім шықты. Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталған болатын.

Тегтер: сот заң жауапкершілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 12:02
«Nur Otan» партиясы Жас депутаттар корпусын құрды
Сайт әкімшілігі 16.04.2021, 11:45
Шпекбаев қызметінен кетіп, сыбайлас жемқорлыққа жаңа басшы келді
Дос КӨШІМ 16.04.2021, 09:40
Табанының бүрі жоқ Қазақстан парламенті
Сайт әкімшілігі 15.04.2021, 15:43
Жемқорлар да тірі жан
Елеусіз МҰРАТ 15.04.2021, 10:35
Қазыларымыз неге жиі қателеседі?
Батыр ЖАСҰЛАН 15.04.2021, 09:27
Ауыл әкімі: Көз алдау сайлау кімге керек?

Аңдатпа


  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32
  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    15.04.2021, 12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24