«1 жыл, 11 ай, 3 күн»

Сайт әкімшілігі

27.05.2022, 15:15

2084

«1 жыл, 11 ай, 3 күн» Біреулер үшін түсініксіз бұл сандар, желтоқсан көтерілісінің қаһарманы үшін әр күні әділдіктің орнауын қапаста сарыла күткен, ұлтын сүйгені үшін айыпты болып, жазықсыз жазалы болған алтын уақыты. Қазақ халқының тарихында өз орны бар Желтоқсан оқиғасының шындығы әлі айтылу үстінде. Желтоқсаншы Ермұханбет Қуандықтың да желтоқсан оқиғасы кезінде өз көзімен көрген ақиқаты, азапты күндерінің естелігі «1 жыл, 11 ай, 3 күн» атауымен кітап болып жарық көріп отыр.

Кітаптың тұсау кесері Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында өтіп, оған Мәмбет Қойгелдиев, Талғат Мамашев, Бейбіт Қойшыбаев, Талғат Айтбаев, Шора Қарабаев, Мүсілім Дайырбеков, Қайым-Мұнар Тәбей, Ислам Жеменей, Кенжехан Матыжанов, Дос Көшім, Дина Елгезек, Маралтай Райымбек, Дәурен Берікқажыұлы, секілді қоғам қайраткерлері және кітаптың тұсаукесеріне арнайы келіп әнімен шашу шашқан жыршы-термеші Әбіш Әбілбек қатысты.

Кітаптың шынайылығы, ақиқаттың ашық айтылуы, қарапайым, жатық тілмен жазылуы, сол кездің кейіпкерлерінің анық айтылуы жиналғандар тарапынан жоғары бағаға ие болып отыр.

Кітап авторы – Ермұханбет Әбдікерімұлы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі ретінде, Алматы алаңындағы қақтығыстар ортасында болғаны үшін 5 жыл бас бостандығынан айырылған.

Қарлагтың қатаң тәртіптегі еңбекпен түзеу колониясына айдалып, кейін бастапқы үкім 2 жылға қысқартылып, 1 жыл, 11 ай, 3 күнін өткізіп, 1989 жылдың 3-ақпан күні, мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.

Студенттік кезінде оқуы аяқсыз қалғанымен, кейін оқуына қайта қабылданып, 1992 жылы тарих және саясаттану маманы дипломын алып шығады. Ұстанымынан айнымаған Ермұханбет Әбдікерімұлы «1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін тексеру жөніндегі Парламенттік Комиссияның» құрамында, оның жетекшісі М.Шахановтың қоғамдық көмекшісі бола жүріп, жазықсыз құрбандарды анықтауға сүбелі үлес қоса білген. Желтоқсан оқиғасы үшін істі болып, кейін оның ақиқаты үшін күрескен оның кітабынан да сол күндердің салқыны анық байқалады. Желтоқсан куәгерінің өз көзімен көргендері әдемі баяндалған кітап оқырманын еріксіз баурап әкетеді.

Кітап авторы «Мен үшін Желтоқсан ақиқаты түсінікті. Мен кітабым арқылы Желтоқсан оқиғасының ақиқатын кейінгі жастарға түсіндіргім келеді, салмағын ұқтырғым келеді» дейді.

Тегтер: желтоқсан жаңғыры мәселе түйткіл

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49