2022 жылы қазақстандықтар қанша айыппұл төлегені белгілі болды

Сайт әкімшілігі

20.01.2023, 12:00

1504

Ішкі істер министрлігінде қазақстандықтар 2022 жылы қанша айыппұл төлегені айтылды.  

Ведомство мәліметінше, былтыр Ішкі істер органдары жалпы сомасы 80 миллиард 309 миллион теңгеге айыппұл салу туралы 6,8 миллион қаулы шығарған. Бюджетке 61 миллиард 291 миллион теңгеден аса қаражат өндірілген.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін 2,3 миллиард теңге сомасына 173 мың қаулы шығарылған.

Ортақ пайдаланатын орындарды ластағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 1,7 миллиард теңгеге 124 мың қаулы шығарылған.

Жол қозғалысы саласындағы құқықбұзушылықтар үшін жалпы сомасы 68 миллиард 660 миллион теңгеге айыппұл салу туралы 6,2 миллион қаулы шығарылған. Олардың ішінде:

— ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 592-бабы бойынша белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін 34,3 миллиард теңге сомасына 2,9 миллион қаулы шығарылды;

— Жол белгілері немесе жолдың жүру бөлігі талаптарын сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601-бабы бойынша 8,6 миллиард теңгеге 1,5 миллион қаулы шығарылды.

Тегтер: Айыппұл төлем жол ережесі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 01.02.2023, 16:23
Алматыда ер адам әйелін атып өлтіріп, өзіне қол жұмсаған
Сайт әкімшілігі 26.01.2023, 15:16
Шамалған тұрғындары газ бағасының өсуіне байланысты тағы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 23.01.2023, 15:11
Құлдыққа түскен қазақстандықтар қалай құтылды? СІМ мән-жайды айтты
Сайт әкімшілігі 05.01.2023, 12:24
Дерек пен Дәйек: Мәжілісте Қаңтар оқиғасына байланысты деректі фильм көрсетілді (видео)
Сайт әкімшілігі 05.01.2023, 10:50
Батыс Қазақстанда сәбізге қақалып қалған сәби көз жұмды (видео)
Сайт әкімшілігі 02.01.2023, 08:31
Жаңаөзенде жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдады (видео)

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28