Әкімдердің қауқары жетпей ме?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

29.06.2022, 08:30

2399

«Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын...». Қарағанды облысынан Ақтоғай ауданына баратын жолдың сапасы дүйім жұрттың бейнетіне айналып отыр. Жолдың әбден тозығы жетіп, ой-шұңқыры көбейген. Соның салдарынан, аудан жұртына қалаға қатынау ауыр мехнатқа айналды. «Жол мұраты – жету», дейміз. Бірінші кезекте, ауылдағы ағайын үшін жолдың кедергісіз болуы басты мәселе. Қымбатшылық екі бүйірден қысқан заманда такси жүргізушілері жол ақысын үш мың теңгеден төрт мың теңгеге дейін өсіріп жіберді. Бұрын күніне екі рет қатынайтын қоғамдық көліктің де тоқтап қалғанына бірнеше айдың жүзі болды. Автобус болмағандықтан, жұрт такси қызметіне жүгінуге мәжбүр. Қанттың 50 келісін 50 мың теңгеге, ұнның 50 келісін он үш, он бес мыңға сатып алып, әзер жан бағып отырған аудан халқына тағы жол тақсыреті қосылды. Тұрғындардың айтуынша, Ақсу – Аюлы – Ақтоғай автожолының учаскесінде 16 шақырымдық жолды жөндеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, жөндеу жүргізілген-ді.

Алайда көлік жүргізушілерінің пайымдауынша, осы жолды жөндеуге келген жүк көліктерінің өзі екі ортаға ағылып жүріп, аудан жолын жарамсыз қылып тастаған.

– Ақтоғайға дейінгі жолда сағтына тек 40-50 километр жылдамдықпен жүруге болады. Барлық жері шұңқыр болып, ойылып қалған. Ең құрығанда, мына жолды жамап-жасқап, құм төгіп, бір шара жасау керек. Облыстық маңызы бар жолға аудан әкімі емес, облыстың ғана пәрмені жүреді. Жол сапасының нашарлығынан апатты жағдайлар да жиі болып кетті. Көлік сынып, қаншама рет жолда қалдық, – дейді шағымын білдірген көлік жүргізушісі Секен Елубаев.

Ауыл мен қала байланысы қиындап кеткен соң, аудан тұрғындары жолға орташа болса да жөндеу жұмыстары жүргізілсе, деп әкімқаралардан көмек сұрап отыр. 16 шақырымдық жолдағы жөндеу жұмыстарын «Қостанай жолдары» ЖШС мердігерлік ұйымы атқарып, ресайкерлеу әдісімен орташа жөндеу жұмыстарын жасапты. Осыдан кейін «Қостанай жолдары» ЖШС Ақсу – Аюлы кентінен Ақтоғайға дейінгі 107 шақырымдық жолға асфальт төсей отырып, иірімді жерлерді іріктеп, жөндеу жұмыстарын жасаған екен. Алайда бұл жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары сапалы орындалмаған.

 Жұрт, тіпті мұндай жөндеу жұмыстарының нәтижесін сезбей де қалды.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, сынға қалған жол жөндеуші мекеме 23 маусымда жұмысты қайтадан бастапты. Басқарма Ақтоғай ауданына бағытталған жолдың 60 шақырымына 2023 жылы, ал 2024 жылы 47 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Осылайша, шенеуніктер Ақсу – Аюлы кентінен Ақтоғай кентіне дейінгі жол учаскесі нормативтік деңгейде болады деп сендіріп отыр. Ал аудан халқы жол жөндеуге бағытталған қаржыны қалтаға басып алып, өз жұмысына салғырт қарайтын жол жөндеушілердің жұмысына билік тарапынан қатаң бақылау болмаса, барлығы бәз баяғы кейпінде қалады деп қынжылады.

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.08.2022, 09:25
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала жоғалып кетті
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 12:52
Алматыда 18 жастағы жігіт туған әжесін өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 09:04
Алматыда 60 адам Оңтүстік Кореяға барамыз деп алданып қалды
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 09:02
Жастар жұмыссыз қалмауы тиіс
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 18:37
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 15:50
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі табылмады

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49