Әкімнің қоластындағы қызметкерлерді боқтап сөйлеген сәті таспаға жазылып қалған (Видео)

Сайт әкімшілігі

24.11.2022, 12:34

534

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов қызметкерлерін боқтап, балағат сөз айтып жатқан сәті аудиожазбаға жазылып, қазір желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Жас Алаш  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Оқиға биыл наурыз айында болғаны анықталды. Аудан әкімі қоластындағы қызметкерлерін жинап, су тасқынына байланысты кішігірім жиналыс өткізіп жатқанға ұқсайды. Сөзіне қарасақ, оған әлдекім әкімдіктің су тасқынына қарсы жұмысына қатысты сын айтқан сыңайлы, сондықтан, ашуын қызметкерлерден алып жатқанға ұқсайды.

«Ертең өздеріңіздің қарамақтарыңыздағы еркектердің бәрін шақырасыздар. Салық органы бар, бөлім басшылары бар, аудан әкімдері бар, өздерің бастап, аяқтарыңа етік киіп, қолдарыңа күрек алып жүресіңдер», — деп сөйлей бастаған әкім одан әрі тек балағат сөзбен сөйледі деуге болады.

Қызметкерлерінің біреуі жағдай басқаша екенін айтып, «мені бостан босқа боқтамаңыз» дейді.

Бірақ, бұл сөзге ашуланған Бәйтерек ауданының әкімі одан әрі «қаһарына мініп», аузынан тек балағат сөз шығады.

Марат Тоқжанов болса «ол уақытта этика сақтайтын уақытым болған жоқ» деп ақталған.

«Қатты толқып, дөрекі сөздерге жол бердім. Ия, заңға қайшы, бірақ ол кезде этиканы сақтауға уақыт болған жоқ. Ең бастысы, су тасқынының алдын алдық», — дейді Тоқжанов.

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:17
Екібастұздың жылусыз қалғанына кім кінәлі? (видео)
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 12:04
Өскемен жылу электр орталығының жұмысы да сыр берді (видео)
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:05
Екібастұзда не болып жатыр? (видео)
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 09:23
Атырауда жайылымға мұнай төгілген (видео)
Сайт әкімшілігі 25.11.2022, 17:14
«Қазфосфат» кеніштеріндегі наразылық: компания басшылығы пікір білдірді (видео)
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.11.2022, 13:05
Қарағандыда жол апатынан бір адам қаза тапты (видео)

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43