20.01.2022, 15:06
2016
Алматы қаласы полиция департаменті жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға тарата бастағандарды ұстағанын хабарлады.
«Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күдіктілер қару-жарақ дүкенінен қару алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға тарата бастаған. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар қаладағы базарлардың бірінің аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауда отыр. Олардың жеке басын басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына міндетті түрде тексеретін боламыз», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР